30.05.2024
"Астрахан ауылының N1 ЖОББМ" КММ-нің
28 мамыр күні 6"ә" сыныпта ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында сынып жетекшісі Г. Жанабекова ата-аналарды 2023-2024 оқу жылының аяқталу қорытындыларымен таныстырды. Сынып үлгерімі 100% құрады, білім сапасы 80%. Төрт оқушы " Өте жақсы" , 11 оқушы " Жақсы" мен аяқтады. Оқу жылы бойы сынып оқушылары түрлі жарыстарға, олимпиадаларға белсене қатысып грамоталарымен марапатталынды. Жиналысқа тәрбие іс-жөніндегі директордың орынбасары А. Ибрагимова қатысты, ата - аналарға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты.