«Астрахан ауылының №1 ЖОББМ» КММ-нің 2023 жылдың
07 желтоқсан күні «Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас»тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мақсаты: Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты –барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу.
Міндеттері: 1. Пән бойынша мұғалімдерге оқушылармен жұмыс барысында білім, білік, икем дағдыларын қалыптастыруға бағыт беру.
2. Озық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды көрсету.
3.Мұғалімдерге оқушының қызығушылығын арттыру бойынша шығармашылық ізденістеріне көмектесу.
«Мектеп үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» Ыбырай Алтынсариннің сөзімен бастай отырып, семинар бағдарламасында «А» тобы мен «Б» тобынада мынадай сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, astrakhan1_scool инстаграм парақшасы арқылы семинар онлайн режимде таратылды.
1. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 8а сынып оқушыларымен А.И.Мусатов «Как хлеб на стол пришел» тақырыбында Куттыбаева Бахыт Ержановна,
2.Қазақ тілі пәнінен 2ә сынып оқушыларымен «Сұраулы сөйлем» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Имантаева Айбат Қонысбаевна кіріктірілген сабақ,
3.Қазақстан тарихы пәнінен 7а сынып оқушыларымен «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс » тақырыбында Байжуманова Жумагуль Уалихановна зерттеушілік сабақ,
4.Математика пәнінен «Сандарды рим цифрларымен жазу» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Олжабек Сайран ашық сабақ,
5. Музыка пәнінен «Біздің оркестр» тақырыбында Ибрагимова Анар Маратовна шеберлік сағаты,
6. Әдебиеттік оқу пәнінен «Ата-баба мұрасын құрметтейміз» бастауыш сынып мұғалімі Утеева Зерегуль Жубандыковна шеберлік сағатын,
7. «Авторлық бағдарлама» бойынша Абишева Сария Беккожиновна, Аскарова Көркем Жетписбаевна мұғалімдердің озық іс-тәжірибесімен бөлісті.