«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы!» мерекелік кеш

02.01.2017

«Жаңа жыл» әні орындалады

Жүргізуші:

Армысыздар жиналған қауым!

Салеметсіздер ме оқушылар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын дей отыра, құттықтау

сөз кезегін мектеп директоры Балабаева Сауле Абибуллаевнаға берейік!

Қош келдің, Жаңа-жыл

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.

Жадырап, би билеп тербелейік,

Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.

Жаңа-жыл:

Мен –Жаңа жылмын, мен –Жаңа нұрмын.

Мен-жаңа жырмын, баршаңызбен біргемін.

Тағат таппай күткенің, бұл тауық жылы

еді,

Әкелемін баршаңа, жаңа бақыт, жаңа жыр.

Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата

аналар, ұстаздар баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер

үшін ұйымдастырылған ойындарға қатысып,әсем әнге, көңілді би билеп көңіл

көтерейік.

Жүргізуші: . Кешіміз көңілді әнмен басталып та кеткен

сияқты.  Жасыл шырша, жасыл шырша жарқыратып жақшы шамды?  Енді шырша

жырын бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық. Ал енді Аяз ата мен Ақша қарды

шақырайық! Барлығымыз: Аяз Ата! Ақша Қар! (Аяз Ата мен Ақша Қар келеді:)

Аяз ата: 

Ау, амансыңба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

  Ақшақар:

Ал, кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс кап.

Ақшақарлар қалықтап әуенмен шыршаны айналып билейді.

 

Жүргізуші:Аязата, ақшақар сіздер демалыңыздар. Біздің балалардың

өнерлерін тамашалаңыз.

Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.

Мұз ханшайымы:

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.

Жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін

білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің

мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.

Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен

Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды

босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып

қатырамын.

Ән: let it go 7 сынып

сақ- сақ күлген дауыстар естіліп, сахнадан сайқымазақ

жүгіріп кіреді)

Сайқымазақ: 

Уа,халайық,жарандар

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болсын,

Шалқып күліп тараңдар.

Уа,алайық,құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Жүргізуші:Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы.Жаңа

мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.

Сайқымазақ: -олай

болса не тұрыс, менің жақсы көретін ойынымды ойнайық. Кәне , бәріміз « буги буги» биін

билейік. Менің биімді қайталап, көңілденіңдер.

(көнілді би) 8 А сынып

Жүргізуші: рахмет саған сайқымазақ! Өте

көңілді екенсің!

Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады. Аю Аяз

атаның дорбасын арқалап шығады.

Жүргізуші: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен

ғой. Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?

Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім.

Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша

іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.

Маша:Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар

екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)

Жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны

безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.

Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.

Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында

көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)

Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын

тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)

Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.

Жүргізуші:балалар,Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың

мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.

Ойын ойнап би билейік.

Аю: жарайды , ойнасақ ойнайық.

Маша: ойын ойнатады

Жүргізуші: рахмет сендерге Маша мен Аю!

Жарайсыңдар! Ал енді барлығымыз көңілді әнмен шыршаны айналып шығайық балалар!

Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім.

Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші:

Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

Қош сау болыңыздар! Музыка

ойналып Аяз Ата мен Ақша Қарды шығарып салады!

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 501


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст