«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Информатика алғырлары

10.02.2017

Тақырыбы: “Информатика алғырлары” /сайыс/

Мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу Дамытушылық:

Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ақыл — ой зерделі ойыны

Кіріспе сөз: 

Елбасының 2030 жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына

апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды

болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер деп

білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында.  Ендеше, сендер болашаққа

бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар. Сол еңбектеріңді, осы

уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдеріңді ұшқыр ойларыңмен, шешендік

тілмен өрнектеп ортаға саласыңдар. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі

“Информатика алғырлары»  атты сайысымызға  қош келдіңіздер! Сайыста

әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “ИВТ алғырлары”

атына ие болады. Ойын 8  айналымнан тұрады.

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып қөріңдер.

Топтарды таныстыру: топ басшысын тағайындау:

1 топ – «Компьютер»

Ұраны: 

Тетікті бассаң алаңсыз,
Жазамыз қалам-қағазсыз.

2 топ —  «Принтер»

Ұраны:

Компьютермен енеміз,
Қағазға басып береміз

Бәйгеге түсіп  жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда –дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз.

Оқушылар берілген  сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс

жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек.

Кім жүйрік

1. Бір байтта қанша бит бар?                                      (сегіз,)

2. Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін дайындаймыз?

(Көшіру, Копировать,)

3. Екілік санау жүйесінің сандары?                                    (0 мен 1)

4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)
5. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы              (тышқан)

6. Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз? ( Мәзір жолағы)

7. Экранның қоршаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе,)

8. WORD бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз? (қарындаш, кесте кірістіру)

9. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны?               (Жұмыс үстелі,)

10.Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа?                                       (Операциялық жүйе,)

11. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
12. Компьютердің ақыл ойы?                 (Процессор)
13. Терезенің орысша атауы?                 (Окно)
14. Сурет салуға арналған графикалық редактор?           (Paint)
15. Алғашқы есептеу құрылғысы           (Саусақ)
16. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі             (Бит)
17. Бір байта неше бит бар?                    (8)
18. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі           (Блок - схема)
19. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа           (Вирус)
20. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?                       (Латын)
Кім жүйрік

1.ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек?

(50 - 70)
2. «Paint» қандай редактор?            (графиктік)
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі                                    (Бит)

4. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны.   (файл)
5. Дүниежүзілік желі?   (Интернет)
6. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі?   (CapsLock)
7. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі?    (себет)

8. Компьютердің миы   (Процессор)
9. Вирусты жоятын программа   (антивирус)
10. Дыбыс жазу құрылғысы    (Микрофон)

11. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым   (информатика)

12. Компьютердің басты бөлігі, миы    (процессор)

13. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты?  (араб математигі

Әл-Хорезми)

14. 1М байтта қанша К байт бар?                             (1024).

15. Буып-түйілген файл                           (архив)

16. Енгізу пернесі?                (enter)

17. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша      (курсор)

18. Файлдар жиыны. (папка)

19. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған MicrosoftOffice-тің құрамына кіретін программа. (MS Word)

20. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)

    Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Білмесең,«анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

6.Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

7. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Біздің ойымызша

Интернеттің пайдасын

Интернеттің зиянын

Ғажайып ондық

1.  Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын... (Тышқан)

2.  Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

3.  Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған... (монитор)

4.  Егер білсең,айта қойшы

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді. (Сканер)

5.  Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да,бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ

Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)

6.  Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. (кактус)

7.  Саусақтарды билететін

Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)

8.  Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын

Қорқақ компьютердің кенже баласы ? (тышқан)

9.  Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Басып шығарғыш)

10.  Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.
(Жүйелік блок)

Ойлан тап!

Адасқан әріптер

 Әр сөзге 10 ұпайдан беріледі.

«Интернет» тобына «Модем» тобына

•ЕОДМЕ •ИМРКООНФ

•ОНТИРМО •АКЬЛУКТОЯЛР

•РСУИВ •ИТНРНЕТЕ

•ЫШТАҚН •ЕРНПЕАҚТАТ

•РИНПРЕТ •ОЛОКНАК

•ҚАПРАТА •МЕАРКА

Дұрыс жауаптары:

•МОДЕМ •МИКРОФОН

•МОНИТОР •КАЛЬКУЛЯТОР

•ВИРУС •ИНТЕРНЕТ

•ТЫШҚАН •ПЕРНЕТАҚТА

•ПРИНТЕР •КОЛОНКА

•АҚПАРАТ •КАМЕРА


Қас қағым сәт

БИТ, МОДЕМ, БАСПА, ПАЙНТ

ДИСК, ПЕРНЕ, БАЙТ, САҚТА

Қиял әлемі

Мен хакер болсам ........ .......................................

      Көрермендермен ойын:

  1. К әрпінен
  2. келетін информатикалық сөздер айту: (компьютер, картридж, клавиатура,
  3. кактус, ксеркс, Кбайт, калькулятор, компакт-диск, курсор, копировать,
  4. контур, курсив)
  5. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Шарты: Сұраққа тек қана

берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.

  1. Сенің атың
  2. кім?
  3. Жасың
  4. нешеде?
  5. Ең жақсы
  6. көретін тамағың?
  7. Сенің
  8. мектебің қалай аталады?
  9. Таңертең не
  10. жедің?
  11. Сенің
  12. фамилияң қалай?
  13. Нешінші
  14. сыныпта оқисың?
  15. Мектепке
  16.  немен келесің?
  17. Түнде
  18. аспанда не болады?
  19. Қандай
  20. пәнді ұнатасың?

Қорытындылау:

Әділқазылар қорытынды шығарады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықты көрсеткен

Жеңіске жетер дейміз  нағыз

мықты –деп әділқазыларға сөз береміз.

“Қазақстанның болашағы – білімді

ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер

үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық демекпін!

Марапаттау.

Просмотров: 727

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст