«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ “Құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік”

19.04.2019

Ашық сабақ “Құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік”

 

 

А Сабақтың мақсаты:

Білімділік – оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құықықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.

Ә) тәрбиелік – адамгершіліктің, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін баңыттай отырып құқықтық тәрбие беру.

Б) дамытушылық – оқушылардың бойында құқықтың білімді қалыптастыра отырып, саяси саналыға мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, баулу.

Сабақтың түрі:  пікірсайыс тудыра отырып, өз ойларын дәлелдеп, өз бетінше ойлай білуге үйрету.

Сабақтың оқыту әдістері: «Диалогтық әдіс топтық жұмыс» сұрақ – жауап, іздену, ойын элементтері және т.б

Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдығы: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, кітап көрмесі, тірек сызбалар және флипчарттар, слайдтар т.б

Пәнаралық байланыс: Қылмыстық іс жүргізу, және әлеуметтану негіздері, қылмыстық атқару құқығы, құқықтану т.б

 Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

А) оқушылармен сәлемдесу.

Ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, құқықтық білімге деген қызығушылығын арттыру.

Екі топқа бөлінген оқушылар жеке – жеке отырғызылады, топ лидерлерін сайланады,   құрылады.

1 – топ «Заңгерлер»

2 – топ «Бейбітшілік»

Жоспары:

  1. Топ басшысы. (әділ бағалау,топтық жұмысқа өзінің идеясымен толықтыра отырады)
  2. Баяндаушы.  (Ортаға шығып топтық жұмысты баяндайды және қорғайды өзіндік идеясын береді)
  3. Бақылаушы.(шапшаң пікір айту. Болашақта не қосар едіңіз?Оң теріс жақтарын айту)
  4. Хатшы.(5-6 оқушылардан әр түрлі пікірлер түсіп жатады,соны мақұлдау қағаз бетіне түсіру идея беру)

 

Сабақта жасалатын әрекеттер:

–          топқа бөлу

–          жеке жұмыс, ой – өрісін тыңдау (ой – шақыру)

–          слайдтармен жұмыс

–          пысықтау, бекіту, топпен жұмыс, (әр топқа сұрақ беріледі, топ лидері мен топ мүшелері жауап береді)

–          шығармашылық жұмыстармен таныстыру

–          топ басшының тобының жұмысы (бағалау)

–          мұғалімнің қорытынды сөзі

Оқытушының сөзі: Құрметті оқушылар! Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата – заңның  1 –  бабында «ҚР –сы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» деп аталады.

 

  1. Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайлап алайық. Топтарға сәттілік тілейміз

 1 Сайысымыздың бірінші бөлімі Ой қоғау: өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоциация жасау

2.Білген маржан (терминдермен жұмыс)

Конституция – қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқық нормалары біріктірілген және жұйеленген нормативті акт

Амнисция – қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінара босату, не әлгі адамға сот тағайындаған жазаны жеңілдету немесе жазадан босату

Санкция – қолданылатын жағымсыз шара

Жаза – соттың үкімі бойынша тағайындалынатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы.

Прецедент – нормативтік актілердің бірі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әрбие сағатының тақырыбы: Құқық әлемінде.

 

Мақсаты:

  • Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
  • Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
  • Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
  • Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
  • Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.

 

Өтілу түрі: зерттеу шеберханасы.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы.

 

Өту барысы:

№1 слайдта сабақ тақырыбы көрсетіледі.

 

Кіріспе.

Мұғалім:

  • Құрметті мұғалімдер, оқушылар БҰҰ-ң Бала құқығы туралы

Конвенцияның қабылданғанына 20 жыл, біздің елбасымыздың сол Конвенцияға қол қойып, қабылданғанына 15 жыл толуына орай бүгінгі зерттеу шеберханасында «Құқық әлемінде» тақырыбының аясында жұмыс жасаймыз.

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?

  • 1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы

Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір - бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайық.

 

№2 слайд. Рефлексия. «Улыбка» әуені орындалып тұрады.

Оқушылар дөңгелектеп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен

айтады:

hello_html_m4c2c45bf.png
 

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

 

№3 слайд көрсетіледі.

 

№4 слайдта жұмыс топтарының тақырыптары көрсетіледі.

  • Енді зерттеу шеберханасындағы жұмыс топтарымен танысайық:

І –топ “Бала құқығы- асыл қазына” деп аталады, бұл топтың оқушылары Бала құқығы туралы ақпарат жинақтап, аудиторияны таныстырады, ІІ–топ -“Құқық – әділет пен парасат жолы” тобы өз шығармашылық өнерлерімен құқық әлемінен көріністер, өлең жолдарын немесе құқыққа байланысты қанатты сөздер, мақал - мәтелдер айтып өнерлерін ортаға салады, ІІІ –топ “Құқықтық сауаттылық – заман талабы ” бұл топтың негізгі міндеті-сұхбат жүргізу, тақырыпқа байланысты, аудиториядан тыс жерлерде жүріп, нақты сауалдар қойып, оның талдауын жасайды, ал “Бақыт деген - сенің бала күндерін” деп аталатын ІҮ –топ мүшелері суреттер, эмблемалар салып, көрмелер әзірлеп, коллаждар жасау арқылы тақырыпты бейнелейді.

№5 слайд.

Оқушылар келесі өлең жолдарын хормен айтып іске кіріседі.

Талаптанып,қанаттанып,

Биікке біз самғаймыз.

Қыран құстай қанат қағып,

Асуларды шарлаймыз!

 

Әр топқа 30 минут уақыт беріледі, осы уақытта олар өз жұмыстарын толық орындап, екінші сабақта қорытындыларын ортаға салып, көрсетеді.

 

Оқушылар жұмыстарын жүргізу барысында №6, №7, №8 слайдтар көрсетіледі.

 

№6 слайд мазмұны:

hello_html_me0da6c3.png

«Біліп жүрейік!»

 

1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні

20-қараша – дүниежүзілік балалар күні

10-желтоқсан – адам құқығы күні

 

10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады

1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды

1979ж – халықаралық балалар жылы өтті

20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды

28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.

8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті

30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды

 

№7 слайдында «Облака» әуенімен балалардың суреттері көрсетіледі.

 

№8 слайдта Балалар құқығы туралы Конвенциядан алынған мәліметтер титрлар арқылы көрсетіледі.

 

А.Енсеповтың «Детство» әуені ойнап тұрады.

 

Мазмұны:

 

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.

Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның 44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс.

 

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

  • Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
  • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
  • Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
  • Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
  • Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
  • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
  • Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
  • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
  • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
  • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты: «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер»

Тәрбиелік шара түрі: пікірталас 

Білімдік мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Көрнекілік : Қанатты сөздер, мақал- мәтелдер ,тірек сызбалары.

«Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.»
Мұхаммед пайғамбар 

«Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген құл болмайды.»
Б.Момышұлы 

«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
«Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»
Тәрбиелік шараның жүрісі: 
1.Ұйымдастыру кезеңі .
2. Пікірталас .
3.Қорытынды.

Мұғалім сөзі: Республикада жүргізіліп жатқан саяси экономикалық және рухани әлеуметтік өзгерістер адамдар мен құқық арсындағы байланыстарды реттей алмай отыр. Қылмыс шексіз өсуде, қоғам және жеке адамардың меншігін ұрлау, тәртіп бұзушылық , адам өлтірушілік, және т.б. етек алуда. Қабылданған заңдар мен қаулы, қарарлар көп жағдайда орындалмайды.Бұған себеп , қоғамымызда қажетті деңгейде құқықтық сана мен жігердің жетіспеушілігінен болып отырғаны анық.

Жүргізуші: Енді бүгін де біздің қоғамда өзекті мәселе болып отырған СПИД , нашақорлық, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық , ұрлық, т.б. қылмыстар етек алып отыр. Бұлардың өсуіне құқықтық тірбие мен санаың , жігердің жетпей тұрғаны.Осы үш қылмыс төңірегінде баспасөз материалдарында жарияланған деректер арқылы пікірімізді білдірейік.

Оқушы: СПИД-ке қарсы күрес күні деп 1 желтоқсан белгіленген. Бұл әлемдік проблема қоғам үшін қауіпті , оған қарсы дәрі- дәрмек бүгінде жоқ, дәрменсіз болуда. Бұл дерт тек 1983-1984 жылдары белгілі болып анықталған. Қазақстан бойынша бұл дертке шалдыққандардың саны 5500-ге жетті, 500 адам көз жұмды. Бұған қарсы жақында барлық мектептерде 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында айлық өткізілді. Дәрігерлермен кездесу өткізілді. СПИД дертінің қатерлігі жайында қабырға газеттері шығарылды. Дүние жүзілік денсаулық қорынан бұған қарсы күресу үшін қаржы бөлініп отырады.
Оқушы: Біздің топтың тұжырымдамасы бойынша бұл дерттің етек алуына әлеуметтік жағдайдың және құқықтық сана мен жігердің төмен болуында дейміз. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында болған СПИД кесірінің салдарынан бірнеше нәрестелер көз жұмды, бұл оқиға кейбір мамандардың селқостығынан болып отырғандары белгілі. Адам баласы көбіне өз кінәсінен тап болады.
Оқушы: Біздің топтың шешімі , бұл кесел жайлы мағлұматты жиі беріп отыру керек. 

1. СПИД деген не ?
2. Бұл неліктен қорқынышты? 
3. Оның қоздырғышы не? 
4. Жұғу жолдары қандай?
5. Қандай жағдайда жұқпайды? 
6. Қандай белгілері бар?
7. Қорғану жолдары.
8. Сіздің ауру жұқтырған адамға көз қарасыңыз қандай?
9. Телеарналар арқылы бұған қарсы күрес жарнамаларының жиі берілуі керек пе?

Және тағы басқа сұрақтар қою арқылы құлақтандырып халық санасына жететін деңгейде насихатталып отырса дейміз.
Оқушы: Жауаптарыңызға рахмет. СПИД пен нашақорлық ағайынды кесел деп айта аламыз. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізушілер тобына .Біздің еліміздегі халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігінен немесе құқықтық тәрбиенің , мәдениеттәі жоқтығынан белең алып отырған қылмыс деп ойлайсыздар ма, осы кеселді?
Оқушы: Біздің елімізде нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ҚР әділет министрлігі жанынан нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет құрылған.Нашақорлыққа экономиканың , әлеуметтік жағдайдың әсері жоқ деп айта аламын.
Оқушы: Экономикалық даму деңгейі жоғары , халқының әлеуметтік қорғалу жүйесі ғажап, нағыз демократиялық ел деп жүрген Швецияны есірткі емін еркін жайлап алған соң, 1960 жылдан 1991 жылға дейін мұнда қылмыс 3,5 есе өсті. 1990 жылдар ортасында Швеция қылмыс деңгейінен Еуропа елдері ішінен алдыңғы қатарға шықты. Шашақорлық жайында жариялық сипат алған Нидерланды астанасында жүз мың адамға шаққандағы кісі өлтіру қылмысының өршігені соншалық әлем бойынша алдыңғы орынға шықты. 

Экономикасы дамыған елдерде соңғы 30 жылда есірткімен жүргізілген күрес нәтижесі мардымсыз болғанын байқаймыз.Наркоқылмыс тежелудің орнына бұрынғыдан бетер өсіп барады. ТМД елдердің өзінде тарала бастады. Қазақстан Европа мен Азия арасындағы байланыс жолы болып кетпесін деген қауіп бар.
Оқушы: КСРО кезіндегі «темәр перде» саясаты қоғамды идеология жағынан ғана емес, есірткі заттардың елге еніп кетуінен де қорғанғаны рас.Ал, қазір мұндай тосқауыл жоқтың қасы. Осындай ахуалда құқық қорғау органдарының жұмысы айтарлықтай күрделене түсетіні белгілі, дегенмен нашақорлық қылмыс көзден таса қалып жатқан жоқ.

Мемлекетімізде нашақорлық , уытқұмарлық, маскүнемдік дерттеріне қарсы бағыттылған саясат жүргізіліп жатыр.
Оқушы: Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясының басты міндеттерінің бірі әлеуметтік иммунитетті қалыптастыру болып табылады. Елімізде белгілі бір дәрежеде иммунитет бар деп айтуға болады. Мысалы, 30- дан жоғары жастағылардың нашақорлықпен айналысатыны да сирек. Ал есесіне мұндай иммунитет балаларда жоқ. Есірткі тұтынушылардың 77 пайызы 15-19 аралығында алған дәмін татқандар екен. Әсіресе, 13-14 жастағылар осынау жаман әдетке үйір болады. Астаналық бір мектепте 10-14 жасқа дейін оқушыларға зерттеу жүргізгенде , олардың көпшілігінің ішімдікке және басқа есірткі заттарға аңсары ауып тұрады екен, оған арақ және темекінің жарнамасы әсерін тигізген.
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет! Қоғам өміріндегі қылмысты жазалау жолымен жою мүмкін бе? Қылмыс жасағанды жазалау мемлекеттік саясаттың бір парасы. Айыптың кінәсән жуып қоғамға қайта қосылуы бұл да мемлекет алдындағы өзекті міндет. Кәмелетке толмағанлдарды қоғамнан оқшаулап түзету мекемелерінде ұстаған дұрыс па? Оған қалай қарайсыздар?

Оқушы: Кәмелетке толмағандардың психикасы әлі қалыптаспаған. Сондықтан, колония моралінің ықпалына тез түседі. Екінші жағдайда адамдар жазылмаған мінез-құлық нормалары салт-дәстүрі мен моралі бар түзету колонияларының жағдайына бірте-бірте бейімделіп кетеді. Адамның қоғамнан ұзақ уақытқа оқшалануының оның психикалық ахуалымен әлеуметтік жағдайына кері әсер етіп, түзелмейтін өзгерістермен адамның азып тозуына, ызалануына әкеліп соғады. Егер түрме сотталушыны қоғамда өмір сүріп үйретпесе, ол түрмеде өмір сүруді үйретеді. Бас бостандығынан айыру жазасын қылмыскерді түзетудің тиімді құралы ретінде кеңінен қолданудың қате екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Мысалы, бідің еліміз халықтың саны жағынан талай елден артта тұрмыз, ал бірақ қылмыскерді жазалап түрмеге жабудан үшінші орында екенбіз. Біздің елден озып тұрған ел АҚШ пен Ресей ғана. Бұл елдердің халқы әлде қайда басым. 

Оқушы: Біздің байтақ еліміз патшалы Ресейдің отарына ілікпей тұрғанда түрме дегенді бәлмей-ақ өз араларындағы бұзақы, сотқарларды жөнге салып, ру, ел арасындағы тыныштықты сақтап отырған. Осығын қарап, кезінде біздің ұлтымызда құқықтық тәрбие мен жігер басым болған деп айта аламыз. 
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет. Сіздер осы бұзақылық ұрлыұ және т.б. қылмыстарды жою үшін, болмаса азайту үшін қандай ұсыныстар айтасыз. Өз ұсыныстарыңызды жариялап көрермендер алдындағы қалтаға салуларыңызды сұраймын. 

1. қоғамдық, құқықтық сананы кішейту қажет.
2. мемлекеттік, ұлттық идиологияны күшейту қажет.
3. барлық азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, орташа табыс табатындай жағдай туғызу керек.
4. әрбір Қазақстандық азаматтың бойында патриотизм мен отанға деген шынайы берілген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек.
5. қылмыс жасаған адамдарға жаза ретінде көп мөлшерде айып төлету қажет.
6. айып салудан түскен қаржыға құқықтық насихат жүргізу керек.

Қорытынды:
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.

 

 

 

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОЛАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРАЛАРЫ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОЛАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРАЛАРЫ

Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары қоғамдағы құқық бұзушылық себептері мен оны жою жолдарына бастарын қатырып келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғыдай соншалық күрделі, әрі қарама-қайшылықты болып келеді. Оның өзектілігі — күмәнсіз. Құқық бұзушылық әрқашан болған. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады. Осыған орай, бір де бір қоғам қылмысты мүлдем жоя алмайды. Олар болған, бар және әрқашан болады.

Нақ сондықтан құқық бұзушылықпен күресудің жаңа теориялық тұжырымдамаларын үнемі тұжырымдау, жаңа әдістер мен рәсімдерді құрастыру қажет. Қылмыс, басқа әлеуметтік құбылыс ретінде үнемі дамып, жаңа түрге ие болады.

Осы санкциялар өз беттерінше емес, құқық қолдану қызметі процесінде жүзеге асырылады. Оны жүзеге асыру барысында құзыретті органдар құқық бұзушылық жөнінде істерді қарастырып, шешім қабылдайды. Ізденімді қолдану, құқық бұзушылық жөніндегі істі қозғау негізі жасалған істе құқық бұзушылық құрамының болуы болып табылады. Сондықтан құқық қолдану қызметін жүзеге асыру құқық бұзушылық ұғымын терең білмейінше мүмкін емес. Қажетті білім құқық бұзушылықты дұрыс біліктілеуге, іс бойынша заңды шешімдер қабылдауға, заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.

Құқық бұзушылықтың ең жалпы түрі қоғамға зиян келтіретін және заңға сәйкес жазаланатын қоғамға қарсы әрекет ретінде сипатталуы мүмкін.

Құқық бұзушылықтың бәрі түгелдей табиғат пен заттардың күш әрекеттері емес, жануарлардың әрекеті емес, адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Адамның ойлары мен сезімдері құқық бұзушылық болып саналмайды.

Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің алуан түрлі себептеріне, жағдайларына, субъектілері мен сипатына қарамастан олардың бәрінде, құқық бұзушылық сияқты әлеуметтік құбылысқа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілер бар.

Сонымен, құқық бұзушылық деген не?

Құқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекеті.

Қылмыс бұзушылық оны құқықтық емес мінез-құлық қағидаларын (адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары) бұзудан өзгешелейтін қатаң белгіленген белгілермен сипатталады.

Құқық бұзушылық – бұл адамның әрекет етунен немесе әрекетсіздігінен байқалатын қылық. Құқық бұзушылыққа ой, сезім, ниет жатпайды, себебі олар адамның қылығының белгілі бір актісінде байқалмайынша, құқықпен реттелмейді. Егер адам құқық нормаларында қарастырылған белгілі бір әрекетті жасау керек болып, бірақ жасамаса (мысалы, өміріне қауіп төніп тұрған адамға көмек көрсетпегенде), онда бұл әрекетсіздік болып табылады [1].

Әрбір құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залал келтіреді, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келеді. Зиян – материалдық және моральдық, өлшеулі және өлшеусіз, физикалық және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болады.  Осылайша, қоғамдық қауіпсіздік құқық бұзушылық белгісі ретінде құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіреді.

Жазаланушылықты құқық бұзушылық белгісіне жатқызуға да болады, сондықтан кез келген құқық бұзушылықты жасағаны үшін заңды жауапкершілік қарастырылуы керек.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесі қорытындыға келуге болады:

Құқық бұзушылық — қоғамдық қауіпті (зиянды) сипаты бар, өз істеріне өз бетінше жауап беруге қабілетті тұлға жасаған кінәлі құқыққа қайшы іс-әрекет. 

Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған – қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес)  тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін зиян сипатымен және т.б. анықталады.

Теріс қылықтар – бұл, қылмыстармен салыстырғанда қоғамдық қауіптің аз дәрежесімен сипатталатын құқық бұзушылық, ол қоғамдағы құқықтық тәртіптің жеке жақтарына қастандық жасайды. Теріс қылықты құқық салаларында қолданарлық түрде, сондай-ақ олар теріс қылық енгізетін қарым-қатынас түрлері бойынша және солар үшін қолданылатын жаза түрлеріне қарай топтауға болады.

Тәртіптік теріс қылық – қызметтік қарым-қатынастар аумағында жасалатын құқық бұзушылық және ол ең алдымен қызмет бойынша бағынушылық қатынастың тәртібін бұзады. Тәртіптік теріс қылық адамдардың (жұмысшылардың, қызметкерлердің, оқушылардың және т.б.) белгілі ұжымдарының қызмет тәртібіне қастандық жасайды, ол еңбек, қызмет немесе оқу тәртібін әлсіретеді де, тәртіптік теріс қылықты тудырады. Сонымен, мысалы, Еңбек туралы заңдар кодексі ескерту, сөгіс, белгілі бір мерзімге төмен жалақылы жұмысқа ауыстыру немесе төменгі лауазымға түсіру, жұмыстан босату сияқты тәртіптік жазалар қарастырылған. Тәртіптік жазаларды кәсіпорын, мекеме, ұйым теріс қылық шыққан күннен бастап бір айдан кеш қалмай және оны жасаған күннен бастап алты айдан кеш қалмай салады. Тәртіптік жазаның мерзімі – бір жыл.

Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық)  — заң бойынша бекітілген  қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару және орналастыру қызметі саласындағы қарым-қатынасқа қастандық жасайтын, қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес құқық бұзушылық [2]. Әкімшілік теріс қылықтар, мысалы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындарда санитарлық гигиенаны бұзу болып табылады. Әкімшілік делиттер, қоғамдық зияндылық немесе қауіп белгілеріне ие бола отырып, зияндылығының аз дәрежелілігімен қылмыстан айтарлықтай айырмасы болады.

Әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік заңмен қарастырылады. Бұл ең алдымен, айыппұл, арнайы құқығынан айыру (мысалы, көлік құралдарын басқару құқығы), түзету жұмыстары (екі айға дейін), әкімшілік тұтқындау (15 тәулікке дейін) және т.б. Жаза құқық бұзушылық жасаған күннен бастап екі айдан кеш қалдырмай қолданылуы керек.

Әкімшілік жаза түрлері әкімшілік құқық бұзушылық істерін олар жөнінде істер бойынша өндіріс қарастыратын өкілетті органдар, сондай-ақ, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен анықталған.

Азаматтық теріс қылықтар (деликттер) – мүліктік  және сондай-ақ мүліктік емес аймақта жасалатын құқық бұзушылық, ол адам үшін рухани құндылық болып табылады. Азаматтық құқық бұзушылық — ұйымдарға және жеке азаматтарға келісім бойынша міндеттерін орындамаудан, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратудан тұратын мүліктік зиян келтірумен бейнеленеді. Азаматтық құқық бұзушылық, зиянның орнын толтыру, бұзылған құқықты мәжбүрлеп қалпына келтіру немесе орындалмаған міндетін атқару сияқты санкцияларды қолдануға алып келеді [3].

Еңбек құқығын бұзу (еңбек туралы заңды бұзу) – еңбек міндеттерін бұзудан, орындамаудан тұратын және еңбек туралы заңның нормаларында болатын санкциялармен тыйым салынған еңбек құқығы субъектісінің құқыққа қайшы айыпты іс-әрекеті.

Іс жүргізудегі құқық бұзушылық азаматтардың немесе мемлекеттік органдардың әділ сот мүдделерін немесе құқық бұзушы құқықтық қатынаста тұрған жақтың іс жүргізу құқығын бұзушылығына байланысты. Бұл объективті түрде, соттың қолдау хатты қанағаттандырудан бас тартуы, бекітілген пішінге сәйкес келмейтін ізденім өтінішін қабылдау сияқты  қорғау шараларын қолдануға және т.б. алып келетін құқықтық әрекет емес.

Халықаралық құқық бұзушылық (деликт) – халықаралық құқық нормаларына немесе жеке басының міндеттемелеріне қайшы келетін әрекет немесе басқа субъектіге, халықаралық құқық субъектілерінің тобына немесе барлық халықаралық қауымдастыққа залал келтіретін халықаралық құқық субъектісінің әрекетсіздігі. Халықаралық деликтіге — дипломатиялық өкілдерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу жөнінде шаралар қолданбау, сауда міндеттемелерін  бұзу және т.б. жатады.

Құқық бұзушылықтың ерекше түрі – құқыққа қайшы жағдай туғызу — өз бетімен орналасу немесе құрылыс орнату, бөгде адамның мүлкін ұстау, заңға қайшы мәміле жасасу, заңсыз акт шығару, азаматтардың құқықтарын немесе оларға жүктелетін заңмен қарастырылмаған міндеттерді бұзу және т.б. болып табылады. Осындай құқық бұзушылықтарды қалпына келтіру санкциялар құқығын қолдануға алып келеді.

Құқықтық норманың санкциясы деп, құқық бұзушылық жағдайында қолданылатын және оның қорытынды құқықтық бағасы енетін мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын нормативтік анықтауды атаймыз. Барлық санкциялардың ортақ мақсаты – құқықтық тәртіпті қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу. Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде бұл мақсатқа екі негізгі тәсілдермен қол жеткізіледі: 1) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру; 2) жеке тұлғаға әрекет ету және құқық бұзушының оны түзету, қайта тәрбиелеу, осындай құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы құқықтық статусы.

Санкциялар — құқықты қалпына келтіру (міндеттерін мәжбүрлеу арқылы орындауға, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған) және айыппұл салушы, жазалаушы (құқық бұзушының кейбір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттер жүктеу немесе ресми түрде бетіне басуды қарастыратын) болып бөлінеді.

Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі — қылмыс болып саналады. Қылмыстар дегеніміз — қоғамдық қауіпті, қылмыстық заңдармен тыйым салынған, адамгершілік тұрғыдан сотталатын, айыпты деп табылған, жазаланатын, мемлекеттік конституциялық құрылысына, оның саяси және экономикалық жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандық меншігінің бекітілген түрлеріне қастандық келтіретін немесе құқықтық тәртіпті бұзатын, сондай-ақ, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттер. Қылмыстық әділ соттың мақсаты қоғамды тұтастай қорғау болып табылады. Сондықтан, қылмыстық сотқа жататын  кез келген іс-әрекет қоғамдық қауіпті  деп саналады.

 

«Құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында  өткізілген тәрбие 

                                        сағатының ақпарламасы      

Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі — қылмыс болып саналады. Қылмыстар дегеніміз — қоғамдық қауіпті, қылмыстық заңдармен тыйым салынған, адамгершілік тұрғыдан сотталатын, айыпты деп табылған, жазаланатын, мемлекеттік конституциялық құрылысына, оның саяси және экономикалық жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандық меншігінің бекітілген түрлеріне қастандық келтіретін немесе құқықтық тәртіпті бұзатын, сондай-ақ, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттер.Осыған орай 4-ақпан күні 3-курс «Техник-механик»тобында топ жетекшісі Кенкараев Ербол «Құқықбұзушылықтың алдын-алу» атты тәрбие сағатын өткіздім.

Мақсаты: Заң жүзіндегі жауапкершіліктің басты мақсаттары құқық тәртіптерін қорғау және азаматтарды құқықты құрметтеу рухында тәрбиелеу деп санауға болады. Заңға және құқыққа құрметпен қарау әрбір адамның жеке наным-сенімі болып қалуы керек. Осы тәрбиелік процесте өз сөзін мектеп, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар және т.б. айтуы керек.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтқандай, заң алдындағы теңдік құқық қорғаудың басты негізіне айналуы қажет.

 

 

 

 

 


"ТЕХНИК - МЕХАНИК" МАМАНДЫҒЫ 3-КУРС ТӘРБИЕ САҒАТЫ

FacebookTwittergoogle_plusOdnoklassnikiMail.RuVKWhatsApp

 

 

 

 

Просмотров: 1989


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст