Текст
Астрахан ауылы №1 мектеп- гимназиясы» КММ 9-11 сынып оқушылары аудандық прокуратурада мамандық таңдау бағытында маңызды кездесу өткізді. Іс-шара барысында аудандық прокуратура қызметкерлері өздерінің жұмыс ерекшеліктері туралы айтып, прокурор мамандығының қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігін түсіндірді.Кездесу оқушылардың Қазақстан Республикасының прокуратурасы жүйесінің қызметімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді. Мамандар заң саласында білім алу жолдары, қажетті пәндер мен кәсіби дағдылар туралы кеңес берді.Оқушылар болашақ мамандық таңдауда пайдалы ақпарат алды. Мұндай кездесулер жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы түрде мамандық таңдауына ықпал етеді.
Жауапты: Касымова С.Ш.