«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көңілді старт» эстафеталық сайысы

16.11.2018

Күні :
Тақырыбы: «Көңілді старт» эстафеталық сайысы

Мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, күштілікке, дәлдікке баулу
Денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке тәрбиелеу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру.
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшандылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өткізілетін орны: Спорт зал
Көрнекілігі: доптар, секіртпелер, қапшықтар, ысқырық, т.б..
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. Негізгі бөлім: Құрметті көрермендер,ұстаздар, оқушылар, барша спорт сүйер қауым! 
4а,ә-сынып оқушылары арасындағы«Көңілді старт» эстафеталық сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл
Жақсы азамат боласың
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
Жарысқа қатысушы 4а,ә-сынып оқушыларын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз
Бүгінгі ойынымыздың кезеңдері:
1-кезең Таныстыру. /әр команда өздерін таныстыру және ұраны
2-кезең «Шегірткелер» /әр ойыншы бір аяқты бүгіп, оны қолмен ұстап секіріп барып берілген жерге дейін жетеді. Қайтарда тез жүгіріп келуі керек.
3-кезең «Секіртпе» секіртпемен секіріп жарысу
4-кезең «Кенгуру» екі аяқпен қапшықтың ішіне кіріп жарысу
5-кезең «Баскетбол» допты жерге ұра жүгіріп жарысу
6-кезең «Желаяқ» жылдамдыққа жүгіру
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Әділқазылар алқасы:
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қазанбаева А.А
2. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:  Е.Ахыт
3. Дене шынықтыру бірлестігінің  жетекшісі: Ашкенов В.
Ойын барысында ескерілетін мәселелер: қауіпсіздік ережесін сақтау, команда құрамын түгел қатыстыру, әр ойынның қорытындысын айту, командалардың ұпайын есептеп, жеңген команданы анықтау, марапаттау.

Ұйымдастырушы: Утеева З.Ж
                                 Имантаева А.К

Просмотров: 580

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст