“Астрахан ауылы №1 мектеп- гимназиясы” КММ 12.01.26жылы “Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» тақырыбында мектеп түлектерінің студенттермен кездесу кеші өтті. Кездесуге мектебіміздің түлектері Муканова Дарина - С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеттің 4 курс студенті, Итемгенов Ерасыл - С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеттің 3 курс студенті, Қадірберді Ербол - Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 2 курс студенті келді. Іс-шара барысында түлектерімізге болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңызын түсіндіріп, жоғары оқу орнына түсу жолдары туралы кең мағлұмат берді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, студенттік өмірдің ерекшеліктері, жауапкершілігі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Түрлі тапсырмалар мен пікір алмасулар арқылы олардың танымдық қызығушылығы артып, болашаққа деген мақсаттары айқындала түсті. Аталған іс-шара оқушылардың өзіне деген сенімін нығайтып, мамандық таңдауда өздеріне қажетті ақпаратты алуына септігін тигізді. Жауапты: Касымова С.Ш