Текст
“Астрахан ауылы №1 мектеп- гимназиясы” КММ 22.12.25 күні “Мамандық таңдау- өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау” атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс- шара барысында: Оқушылармен мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар, мамандық таңдау формуласы: Қалаймын: (Ынта):Қолымнан келеді:(Қабілет): Керек:(Нарық).Болашақтың мамандықтары тақырыптарына ой бөлісіп, пікірлерін тыңдадық.
Оқушылар топтық тапсырмалар орындап өздері қалаған мамандықтары туралы түрлі тапсырмалар орындап, мамандықтар әлемімен танысты, өз мақсаттарын айқындап, болашаққа жоспар құрудың маңыздылығын түсінді. Іс-шара оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына оң әсерін тигізді.
Жауапты: Касымова С.Ш.