Текст
Астрахан ауылы №1 мектеп- гимназиясы” КММ -нің 11 сынып оқушысы Өміртай Айтолқын “Дублер күні” кәсіптік бағдар аясында фармацевт мамандық иесі болу мақсатында аудандық дәріханада бір күн жұмыс атқарды. Фармацевт- дәрілік заттарды дайындау, сақтау олардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз ететін медициналық маман. Ол науқастарға дәрілер жөнінде кеңес беріп, рецепт бойынша дәрілерді ұсынады.Фармацевттер дәрі- дәрмектің сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылай отырып, халықтың денсаулығын сақтау ісіне үлес қосады.Бұл мамандық жоғары дәлдік пен жауапкершілікті қажет етеді. Жауапты: Касымова С.Ш.