“ Астрахан ауылы №1 мектеп- гимназиясы” КММ -нің 11 сынып оқушысы Маймаков Исмаил ТОО “Ұлы жол” жеке шаруашылығында бүгінгі күні өз еңбегін жасап болашақта агроном мамандығын меңгеріп ата- анасына ауыл шаруашылығы саласындағы еңбектеріне көмектесіп жақсы маман болуды көздейді. Агроном- ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды мамандықтардың бірі. Агроном егін шаруашылығының құндылығын арттыру жұмыстарын жақсы меңгерген мамандық иесі.Топырақты зерттеп ,өсімдіктердің дұрыс өсуі үшін қажетті жағдайларды жасайды. Тыңайтқыштармен дәл уақытында жұмыс жасауды ал, зиянкестерді жоюға арналған құралдарды қолдану тәсілдерін анықтайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру, мол өнім алу жұмыстарын сапалы орындайтын маман. Агроном мамандығын игеру үшін биология, химия, экология салаларын жақсы білу қажет. Бұл мамандық табиғатты сүйетін, еңбексүйгіш және жауапкершілігі жоғары жандарға арналған. Жауапты: Касымова С.Ш.