Осы кездесудің 2-кезеңінде бізге келген әріптестеріміз өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтатын болсақ, ең бірінші осы топқа жетекшілік етіп келген Астана Халықаралық мектебінің директордың даму жөніндегі орынбасары Акбар Асқарұлы мектеп әкімшілігімен семинар сабак өтіп, келешекте атқарылатын жұмыстардың бірлескен жоспары құрылды. "Ментор-менти" проектін жүзеге асыру, сонымен қоса бірлескен сабақтар мен жобалар дайындау жұмыстары жүргізілетіндігі жоспарланды.
Және де химия, биология, физика, информатика, АРТ-бастауыш, ағылшын бастауыш, АРТ орта сынып, технология, АРТ-студия, телестудия мамандары келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ең бастысы пән мұғалімдері арасында өзара байланыс орнап, жыл бойы бірлескен жұмыстар атқарылатындығы жоспарланды.
Өте керемет тәжірибе алмасу алаңы болды.