2024 жылдың 2 желтоқсан күні Астана қаласындағы Халықаралық мектеп "Назарбаев Зияткерлік мектеп " дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен STEM және робототехника сайысы болды. Біздің мектептен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гулназ Ахметовна, жетекші мұғалім Дулат Кенжебекович өз командасын жасақтап сайыска қатысты. Үлкен тәжірибе алмасу алаңы болды.
🤖 Қызықты робот жарыстарын көріп,
🔬 Технологиялар мен инженерлік шешімдер туралы көбірек біліп,
✨ Дарынды қатысушылармен және олардың жобаларымен танысып,
• STEM және робототехника саласындағы соңғы жетістіктер туралы біліп, тек IT, NIS мектептерінің оқушыларынан 12 жоба қатысты. Осындай мектептермен конкурска қатыса отырып, үлкен тартысты ,қызықты конкурска қатысу біз үшін үлкен жетістік және жаңа жобалар бастамасы болды.🚀
***