Текст
"Астрахан ауылының 1 ЖОББМ" КММ-де 2024 жылдың 3 қазан күні 3-4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 3 сынып оқушылары қатысты. Барлық оқушылар қатысқаны үшін сертификат, грамотамен марапатталды. Ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, аудандық кезеңге өтті. Оқушыларымызға алдағы кезеңдерге сәттілік тілейміз!
ДОІЖО Кошекбаева Г.А.