2024-2025 оқу жылында мектебімізде “Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау” кабинеті ашылды. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау кабинетінің ашудағы мақсаты - бұл әр баланы
✅ физикалық,
✅ зияткерлік,
✅ әлеуметтік,
✅ эмоционалдық,
✅ тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан,
✅ әлеуметтендіру,
✅ тәрбиелік және оқу үдерісіне тарту. Сонымен қатар есейіп келе жатқан баланың қоғамның еркін мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Салтанатты шараға, Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Ибарев Марат Өмірбайұлы zoom арқылы тікедей эфирде қатысып, құттықтады және аудан қонақтары Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы Қожахмет М.К.,
мектебіміздегі ата-аналардың атынан Бұғыбай Ж келіп құттықтап, лента кесу рәсімі жасалып, шашу шашылды. Салтанатты шараның ашылу соңында, дөңгелек үстел басында алдағы жүргізілетін жұмыстар жайында сұрақ-жауап арқылы пікіралмасу болды.