18.06.2024
“Астрахан ауылының N1 ЖОББМ”КММ-нің бастауыш сынып оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2023-2024 оқу жылындағы І ауысымның 9 күні “Шынықсаң шымыр боласың”атты көңілді спорттық іс-шаралармен басталды.Оқушылармен аудан орталығындағы”Жастар”спорттық орталығына серуенге барды.Оның барлық спорттық залдарымен танысып,әр түрлі қимылды ойындар ұйымдастырылды.Ал балалардың біршама бөлігі бассейнге шомылды.Бүгінгі күнді тамаша әрі көңілді өткізді.Іс-шараның мақсаты:Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.Оқушылардың денсаулығын арттыру және шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
Сынып жетекшілері Казанбаева А.А, Д.К.Касымова