15.06.2024
“Астрахан ауылының N1 ЖОББМ”КММ-нің бастауыш сынып оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2023-2024 оқу жылындағы І ауысымның 7 күні “Туған өлкеңді таны және оны қастерле“ тақырыбын жалғастырып,тағы “Ертегілер елінде”атты іс-шаралар өтті.Оқушылармен Астрахан ауданының өлкетану мұражайына барып,ауылымыздың қалай құрылғаны туралы тың ақпараттар алды.Бұрынғы тұрмыста қолданылған заттар мен бұйымдарды тамашалады.Мақсаты:туған өлке табиғатын сүю, туған жерінің орман – көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп баптау; -туған елге сүйіспеншілік - өз ұлтын сүю, Отанын сүю, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосуға дағдыландыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Шығармашылық үйінде оқушылар әртүрлі үйірмелерге бөлініп,өз қолдарымен қағаздан балықтар жасап,матадан бауырсақ тігіп,бисерлерден гүлдер жасады.Шығармашылыққа баулу,алғашқы актерлік қабілеттерін,сөйлеу мәдениетін дамыту. Балалармен таза ауада сайқымазақ эстафеталық және спорттық ойындар ойнатты.Оқушылар “Бауырсақ “ертегісін қуыршақтар арқылы көрсетті.
Сынып жетекшілері Казанбаева А.А, Д.К.Касымова