«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебіміздің 6-10 сынып оқушыларын, география пәнінің мұғалімі Өмірзақ Ермұханбет Қалелұлы, Ақмоладағы әйелдер легері «АЛЖИР» МЕМОРИАЛДЫ-МҰРАЖАЙ апарып, саяхат жасап және көптеген пайдалы ақпараттармен таныстырды.

15.06.2024 Мектебіміздің 6-10 сынып оқушыларын, география пәнінің мұғалімі Өмірзақ Ермұханбет Қалелұлы, Ақмоладағы әйелдер легері «АЛЖИР» МЕМОРИАЛДЫ-МҰРАЖАЙ апарып, саяхат жасап және көптеген пайдалы ақпараттармен таныстырды. Мемориалды кешен тоталитаризм дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының “АЛЖИР”-да өткізген бейнетті күндері мен әрбірінің сарқылмас ерік-жігері жайлы сыр шертеді. Отан сатқындары әйелдерінің Ақмоладағы лагері - әр түйір топырағы мұң-налаға толы, әр тасында тұтқында болған 18 мың әйелдің қайғы-қасіреті жасырылған орын. Бұл жерге аяқ басқан әр адамның көңілі құлазып, көзі жасқа толары анық. Мұндағы “Қасірет қақпасы”(арасынан өткен кезде әр келуші басын төмен түсіріп, тағзым білдіруі тиіс), “Сталиндік вагон”, «антикеңестік әрекеттерге баруы ықтимал, әлеуметтік қауіпті» деп танылған тұтқын әйелдер тұрған барак терең мағыналы, санаға салар салмағы ауыр туындылар. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған “АЛЖИР” мемориалды-мұражай кешені - жүрекке үрей ұялатар орын екенін жоққа шығара алмаймыз. Әйтсе де, кей “халық көсемдерінің” санасыз саясаты мен соқыр озбырлығының ауыр зардаптары мен сұмдық салдарын танытатын аса маңызды тарихи нысан ретіндегі құндылығы да күмәнсіз.
Просмотров: 99


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст