30.05.2024
“Астрахан ауылының N1 ЖОББМ”КММ-нің 4 ”ә”сынып оқушыларымен 23-мамыр күні “Аттандық бала шақтан - болашаққа!” атты қоштасу кеші өтті. Сынып сағаттың мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу;
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу;
3.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу;
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасты. Білім берген ұстаздарына алғыс, тақпақтар айтып, би билеп, әндер айтты. Соңында орта буынға өтулеріне ақ тілектер айтылды.
Сынып жетекшісі: Отениязова А.А.