28.05.2024
Аудандық өрт сөндіру бөлімінде оқушылар мен студенттер арасында “Жас құтқарушылар” жарысы өтті. Спорттық сайыс 7 топтың басын қосты. Бұл жарыстың негізгі мақсаты – балалар төтенше жағдай болған сәтте өзін-өзі қалай ұстау керек екенін, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.
Жалпы, бір топ 7 адамнан құралады. Сайыс 6 кезеңнен тұрады: “Сәлемдесу”, “Газет – жарнама қалқаны”, “Өрт эстафетасы”, “Алғашқы көмек көрсету”, “Жауынгерлік жаттығу” мен “Судан құтқару”. Осының ішінде ең оңайы алғашқы аталған екеуі болмаса, өзгелері ширақтылық пен тапқырлықты талап етеді. Осы жарысқа мектебіміздің оқушылары қатысып, “Ең жақсы, нәтиже” номинации бойынша lll орын Мадақтамасымен марапатталды.