27.05.2024
Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
9 мамыр – батылдықтың, ерліктің, адалдық пен Отанға деген шексіз махаббаттың белгісі.
Бұл күні біз аталарымыздың өшпес ерлігін, оларға түскен ауыртпалықтар мен қиындықтарға толы сәттерді еске аламыз.
Қиын кезеңде бүкіл халық жауға қарсы бір серпінмен тойтарыс беріп жатқанда ерлермен бірге Отан қорғауға әйелдер де аттанды.
Өзінің соңғы шайқасында ондаған фашистерді жойған пулеметші Мәншүк Мәметова Кеңес Одағының Батыры атағын алған алғашқы қазақ әйелі болды.
Бұл жадымызда мәңгі сақталатын әр отбасының тарихы.
Сұм соғыс бүкіл адамзатқа үлкен сабақ болды. Біз бірлік пен зор үміттің арқасында жеңіске жете білдік. «Берекелі бірлік – бәрін жеңбек» деген ұранды ұстанған қазіргі Қазақ Елі тыныштық пен бейбітшіліктің жоғарғы үлгісін көрсетіп отыр.
Ұлы Жеңіс күнімен !