11.05.2024
2024 жылдың 4 мамыр күні "Жас ұстаз - жарқын болашақ" атты жас мамандар апталығы аясында қазақ тілі пәнінен 7 "ә" сыныбында " Шолпанға көшкен ауыл" тақырыбында ашық сабақ өтті. Жаңа тақырыпты айқындау және тапсырмаларды орындау үшін "Пазыл" әдісімен оқушылар екі топқа бөлінді.
Сабақтың мақсатына жету үшін, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында мұғалім түрлі әдіс-тәсілдер мен заманауи технологияны пайдаланды. Оқушылардың білімін бағалауда "Күнделік" әдісімен өзін-өзі бағалауды ұйымдастырды. Wordwall платформасында оқушылар даралаушы және ерекшелеуші тыныс белгілері бар сөйлемдерді топтастырды.
Дәптермен жұмыс барысында үтірдің қолдану себебін үлгіге сай түсіндірді.
"Берілген үзіндіні жалғастыр" әдісімен қазақтың киіз үйі мен ұлттық тағамдар, сусындарын қатыстырып шағын фантастикалық әңгіме жасады.
Сабақтың соңында мұғалім үй тапсырмасын түсіндіріп сабақты қорытындылау үшін "Күн, Жер, Шолпан" ғаламшарлары арқылы кері байланыс алды.
Сабақты дайындап, өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Г. Нурдиллаева