11.05.2024
03.05.24 жылы 3 «А» сыныбында жас маман ағылшын тілі мұғалімі Гомар Малика «Having fun: music and film” тақырыбында шығармашылық ашық сабағын өткізді. Оқушылар жаңа сөздерді біліп, топпен жұмыс атқарды. Малика Жанатовна топтық жұмысқа балаларға етістіктерді қолданып , сабақтың тақырыбына сай тапсырма берді, оқушылар жұмыстарын ортаға шығып қорғады. Сабақ барысында жазылым, айтылым, тыңдалым дағдылары іске асты. Сабақты бекіту мақсатында “Hot potato” тәсілі қолданылды.