02.05.2024
29 сәуір күні 10”А” сынып оқушыларымен “Ұлттар достығы” атты сынып сағатын өткіздік. Оқушылардың ұлттар достығы, көп ұлтты Қазақстан халқының татулық пен бірлікпен өмір сүріп жатқан туралы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерің құрметтей білуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында сынып сағаты өтті. Қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып жүру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту керек екенін ұмытпайық. Жасасын достықты жақтаған қазақ елі! Сынып жетекшісі Куттыбаева Б.Е.