«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"
02.05.2024
“Астрахан ауылының №1 ЖОББМ”КММ-нің 3”ә”сынып оқушыларымен сәуір айының 24 күні «Жаңартылған білім беру:тиімді тәсілдері,нәтижелі мүмкіндіктер,табысты тәжірибелер » атты бастауыш сынып апталығы аясында қазақ тілі пәнінен “Есептік және реттік сан есімдер . Су —тіршілік көзі .”тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақта “Тамшылар ”,”Семантикалық карта ” әдістерін қолданып өткен сабақты пысықтап ,жаңа тақырыпты ашып алдық.Оқушылар "Lays" әдісі арқылы 3 топқа бөлініп кесте құрып,сұрақтарға жауап беріп , мәтіннен есептік және реттік сан есімдерді анықтады және деңгейлік тапсырмалар орындады.Сабақтың соңында оқушыларды тазалыққа және табиғатты аялау мақсатында « Бұлақ көрсең көзін аш » рефлексиямен оқушылар сабаққа кері байланыс беріп, қорытындыладық. Оқушылар сабаққа оқушылар белсенді қатысты .
Сынып жетекшісі:Серикбаева Б.Н