Текст
13.03.2024 күні білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу аясында 4,9 сынып оқушылары арасында оқыту нәтижелерін бағалау жүргізілді.
Негізгі мақсат: Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру бойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін анықтау.
Компьютерлік тестілеуді өткізу үшін Ақмола облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің өкілі Сейтенов А.А. келді. Мектеп оқушылары 62 % білім сапасын көрсетті.