14.03.2024
" Астрахан ауылының N1 ЖОББМ" КММ-нің
13.03 күні 6"а" "ә" қыздар тобы аралығында " Ал, канеки, қыздарай!" сайыс сабағы өткізілді. Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын оятып, өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беріп, өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндірді.
Сайыс 5 -шарт түрде өтті:
1. " Сәлем-сөздің атасы" /таныстыру/
2. " Бәйге" сұрақ - жауап сайысы.
3. "Кім жылдам?"
а) " Ою ойғанның ойы ұшқыр" (қағаздан ою ою).
ә) Картоп ашу.
б) Инені сабақтап түйіндеу.
в) Түйме қадау.
4. "Қамыр жаю"
5." Ас-адамның арқауы" ( тағам жасау және құрамын айту).
Сайыстың қорытындысы:
Салт-дәстүр, әдет ғұрып ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Г.Жанабекова.