14.03.2024
Анашым! Асыл анам, есіл анам, Елжіреп есіркеймін, есіме алам. Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам», -деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай әр адамның ананың алдындағы парызы бар екені рас. Қазақ халқы ананы құрметтеуге, қадірлеуге үндеген. Сондықтан адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Жүрегімізді жарып шыққан бар ізгі тілектеріміз - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан- АНА, өзіңізге арналады.
Құрметті АНАЛАР шұғылалы көктемнің алғашқы мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, “ Астрахан ауылының №1 ЖОББМ” КММ мұғалімдері мен білім алушыларының аналарымызға арнаған ән шашуын қабыл алыңыздар! Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!🎉🎉💐💐