13.03.2024
“Астрахан ауылының N1 ЖОББМ”КММ-нің 1”а”сынып оқушыларымен наурыз айының 4 күні Ар-ұят және Талап құндылықтары бойынша 8-наурыз халықаралық аналар мерекесіне орай “Аяулы анашым”атты мерекелік ашық тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.Мерекені қызғалдақ қыздарымыздың асқар тау әкелерімен дөңгелене билеген әсерлі биімен бастадық.Әкелер қауымы аналар мен кішкентай ханшайымдарды мерекемен құттықтап ,гүл сыйлап,ана туралы ән шырқады.Тәрбие сағатын Маймаковтар отбасының “Жақсы тілек”әнімен аяқтадық.
Сынып жетекшісі:Казанбаева А.А