06.03.2024
2024 жылдың 27-28 ақпан күндері жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Үздік ашық сабақ-2024» байқауы "Жалтыр ауылының 3 ЖОББМ" КММ-де өтті. Байқау жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, функционалдық сауаттылықты арттыру әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдану, инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданысқа енгізу мақсатында ұйымдастырылды.Біздің мектептен биология пәнінің мұғалімі Қасымова Салтанат Шортанбаевна 27.02 күні 8 сыныптармен "Есту мүшесінің құрылысы және маңызы" тақырыбында ашық сабақ берді.
Ал, 28.02 күні математика пәнінің мұғалімі Айтмагамбетова Маржан Жаксылыковна 7 сыныппен ашық сабақ өтті. Әріптестеріміз түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ең үздік ашық сабақ көрсете білді. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Үздік ашық сабақ-2024» байқауының қорытындысы бойынша 1 орын - математика пәнінің мұғалімі Айтмагамбетова Маржан Жаксылыковна. 3 орын - биология пәнінің мұғалімі Касымова Салтанат Шортанбаева. Марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз!
Мектеп әкімшілігі