«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

04.03.2024

2023 жылғы

мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

 

 

1. Жалпы ережелер

         1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекен -жайы Астрахан ауылы, Әл – Фараби көшесі, 21.

         2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

         Астрахан ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

         2023 жылы Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 118 қызмет көрсетілді:

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;

         электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 37 қызмет;

         қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -81 .

         Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

        3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

         «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;

       «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

         «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау». 

         2. Қызмет алушылармен жұмыс: 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

         Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған. Мектеп сайтында «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 

         3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. 

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 7 мемлекеттік қызмет қол жетімді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ. 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

         Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

         2024 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Просмотров: 222


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст