07.01.2024
"Астрахан ауылының №1 ЖОББМ" КММ—нің жоспарға сай қаңтар айында “Аталар ” клубының кеші өтті.
Кеште аталар өздерін таныстырып, өнегелі өсиеттерімен бөлісіп, ұмыт болып бара жатқан тыйым сөздер,ғұлама, билердің нақыл сөздерін, мақал —мәтел мәйегі айтылды. Кеште аталарды клубтың мақсат, міндетімен таныстырылып, алдағы өтетін іс-шаралар туралы ақпараттар берілді.Аталар өз өнерлерін ортаға салып, батаның түрлерімен таныстырылып, ой бөлісті."Батамен ел көгереді, жауынмен жер көгереді "демекші ақ дастархан басында аталар ақ тілектерін айтып, бата берді.
Ұлттық мүдде:
1. Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
2. Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;
3. Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу;
Ар-ұят:
1. Адал еңбекті құрметтеу;
2. Сөзіне берік, ісіне адал болу;
3. Әдеп нормаларын ұстану;
4. Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;
5. Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.
Талап:
1. Сыни және креативті ойлау;
2. Салауатты өмір салтын ұстану;
3. Дұрыс қарым-қатынас орната білу;
Ата-ана, оқушы, мұғалім арасында ынтымақтастық орнаған қолайлы орта.
Жауапты мұғалімдер: Отениязова А. А
Утеева З. Ж
Олжабек П
Серикбаева Б. Н.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
#aqmoedu