«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

12.09.2023 БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ Ұлттық мүдде: Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу. Ар-ұят: 1. Отбасының өз ортасының абыройын асыру. 2. Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну. Талап: Дұрыс қарым- қатынас орната білу. 11 қыркүйекте мектеп формасына қойылатын талаптарға байланысты мектепшілік жиын өтті. Жиында түсіндірме жұмыстары барысында ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы N26 бұйрығы негізінде бекітілген талаптар туралы айтылды. Аталған бұйрық негізінде мектеп формасына қойылатын талаптар: •Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. • Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жиде немесе тенниска ( қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган,поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водалазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. • ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады. • Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. • Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін ( белгілер, тігіспелер,шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады. Жиында түсіндірме жұмысын жүргізген, Диретордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Ибрагимова
Просмотров: 1550


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст