- - Әңгімелесейік
Тату ағайындылар
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.
Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.
Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.
Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»
Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады.
Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жрде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:
- А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?
Інісі айтады:
-А, бұл сен беедің? Ал сен қайда бара жатырсың?
Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.
Сұрақтар:
1. Екі ағайындының іс-әрекеттері дұрыс па?
2. Сен болсаң не істередің?
3. Әңгіменің соңында ағайындыларды не біріктірді?
4. Осындай дұрыс әрекет жасап отырсақ,риясыз сүйіспеншілікпен
көмектесіп отырсақ ішкі тыныштығың жай табады.
Мысалы өздеріңнің өмірлеріңде осындай жағдай кездесті ме?
|