«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

14.02.2020

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

                                                                                                                               

 

Мерзiмі:                                                                                                      № 21 сабақ 

Тақырып: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер:жауапкершілік, ізгілік, мейірімділік

Мұғалiм

Сынып 

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: Отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде түсіндіру;

-қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

 

Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

    Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға  көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

    Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және    жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді  ғана естейді. Нұр көздеріңізге  де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз  тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі  ой келеді.

    Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

 

2.Үй тапсырмасын тексеру. №21 сабақ 84 бет

  «Айгүлдің әңгімесі» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау,

 Сұрақтар:

  • Айгүл мен әжесі арасындағы сыйластықтың сыры неде?
  • Айгүл сыныбынан неліктен жылылықты сезіне алмады?
  • Айгүлдің «Мен жер астындағы алтын, күміс емес, дос туыс болуға татитын адамдарды іздеп жүрмінғой»,-деген сөзінен нені аңғаруға болады? Айгүлге қалай көмектесер едіңдер?
  • Өздеріңнің сыныптарыңдағы қарым-қатынас қандай?Оны қалай бағалайсың?
  • Сыныбыңдағы қарым-қатынастарды өзгерткің келеме?Неліктен? Қалай өзгертпексің?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз.

     Мұғалім оқушыларды оқулықта ұсынылған сабақтың  дайексөзімен таныстырады.Дайексөзді алдымен мұғалім өзі оқып береді. Сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қйталап оқиды.Содан соң қыз балалар қайталап оқиды.

«Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз-ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз»

                     В.Сухомлинский

Сұрақтар:

  • Дәйексөзден қандай ой түюге болады?
  •  Өзіңе тиістіні тындыру дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Бақыт дегеніміз не?
  • Борыш дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Өз борыштарыңды қалай өтеп жүрсіңдер?

Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытынды жасау. Дәйексөзді дәптерге жазғызу.

 

4.Әңгiмелеу.    «Екі дос» . (Ел аузынан)

      Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

  Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбасына:

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.

Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:

-Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.

-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы.

-Ол да болсын,көзімді ал да,досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Сұрақтар:

  • Адал достық  пен бауырмалдық дегенде нені түсінесіңдер?
  • Аңыз-әңгімедегі жауынгерлердің  іс-әрекеттеріні бауырмалдыққа  жата ма? Неліктен?
  • Сендер  адал достарыңды бауырмыз деп санайсыңдар ма?
  • Достар арасындағы борыш барма?
  • Досыңа деген борыңтарыңды   қалай өтеп жүрсіңдер?
  • Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?

 

5.Шығармашылық жұмыс.

 1-тапсырма. Оқулықтағыжағдаяттарды шешіп, өз пікірлерін айту.

2-тапсырма. Оқулықта берілген сөз тіркестерін пайдаланып,  әр қайсысының адамгершілік портретін суреттеп жазу.

 

6.Топпен ән айту.   «Достар»

Сөзі: Ф.Оңғарсынова

Әні: А. Асанов

 

7.Үй тапсырмасы.

№ 22 сабақ  «Алғашқы айлар»  мәтінін оқу, 87 бет

 

8.Сабақтың қорытынды  сәтi.

     Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды  жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға  да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.

 

Просмотров: 1026


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст