Нуралиева Дилдаш Култаевна
Сүйіспеншілік – өмір негізі
Жоспар:
Кіріспе:
Мәнгілік жаклпыадамзаттық құндылықтар-«Өзін-өзі тану»рухани амгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының негізі
Негізгі бөлім:
-Сүйіспеншілік туралы түсінік
-Сүйіспеншіліктің негізгі түрлері
-Сүйіспеншілік жолындағы кедергілер
-Сүйіспеншілікке толы өмір
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер
Сүйіспеншілік–біздің тіршілігіміздің бастауы мен аяқталуы.
Сүйіспеншіліксіз өмір жоқ.
Сондықтан да сүйіспеншіліктің алдына дана адам да бас иеді.
Конфуций
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының негізі.
Мәнгілік жалпыадамзаттық құндылықтар «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының негізі:
Құндылықтар деп-адам үшін өте маңызды заттар мен құбылыстарды, қасиеттермен жай күйлерді атайды. Жеке адамның барлық құндылыұтарды белгілі бір денгейде иерархияланған :жеке адам үшін бірініні маңызы жоғарырақ болса екіншісігің маңызы азырық болады
Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасына міңгілік тұрақтап қалмайды: өмір ағымы барысында бір құндылықтар бірінші кезекте шфқса алекінші кезекте жылжиды,ғ яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байлпнысты тұрады. Құндылықтар маңызды деңгейіне байланыстыәр түрлі болады. Адам үшін маңызды денгей өте жоғары негізгі (жаһандық) құндылықтарды (баланың алғашқы қадамы) маңызды.
Сондықтан да рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнының негізінде айналатын білім матиралдарын іріктеу кезінде гуманистік бағытысен, жалпыадамзаттылық мәнімен, маңыздылық денгейімен, жан-жақтылығымен ерекшеленетін құндылықтарды басшылыққа алу керек.
Абсаюттік (мәнгілік) жалпыадамзатылық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылыады. Мәнгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды.
Мәнгілік жалпыадамзаттық құндылықтар жарыққа шығару ізгілікке жол ашады. Мәңгілік құндылықтар-рухани адамгершілік білім негізі және оның өзегі болып табылады. Оларды атап айтсақ: Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тйістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін шасушасы тән. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам руханилығының және оның мәдениетінің біріңғай негізін құрайды.
Ақиқат-ойдағы Сүйіспеншілік .
Дұрыс әрекет –іс әрекеттігі Сүйіспеншілік.
Ішкі тыныштық –сезімдегі сүйіспеншілік.
Қиянат жасамау –түсінісудегі Сүйіспеншілік
Жалпыадамзаттық мәнгілік құндылықтар бір тұтас, өзара тығыз байланыста болады, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, адамның руханилығы мен мәдениетінің негізін құрайды.
Жалпыадамзаттық құндылық дегеніміз-белгілі адам үшін емес,бүкіл адамзат қауымы үшін маңызды құндылықтар. Олар адамға тумысынан берілген сый. Адамға мынау жарық дүниені ашқан сәттен бастап берілетін құндылықтарымыз мыналар:
1Ақиқат
2Дұрыс әрекет
3Сүйіспеншілік
4.Тыныштық
5.Қиянат жасамау
Біріншісі-сүйіспеншілік –адам жанының асыл қасиеті,рухына қанат беретін ең күшті,ең тұрақты ,сүйіспеншілік сезімі. Екінші дұрыс әрекет –ол одамның жүрек түпкірінде туындайтын,содан соң сөз түрінде беріліп және іс жүзінде жүзеге асырылатын құндылық .Үшіншісі қиянат жасамау –шындықпен өмір сүру,мінез құлқымен ішкі тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған жемісті нәтижені айтамыз.Төртінші ішкі тыныштық .Яғни бұл,адамның ішкі жан дүниесі тынышталса,оның отбасында да тыныштық орнайды деген сөз.Егерде отбасымызда тыныштық орнаған болса демек ,қоғамымызда тыныш болса ,онда мемлекетіміз де тыныштық орнайды деген сөз.Соңғысы бесінші құндылық –ақиқат яғни,шындықтың көзіне тура қарау. Қандай жағдай болмасын ақиқатты жалғаннан ажырата білу болып табылады. Осы құндылықтардың ішінде ең бір асылы сүйіспеншілік болып табылады.
Сүйіспеншілік туралы түсінік
Ұлы данышпан Абай атамыз «Адамның жақсысы –адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» дегендей ,адамның өзгелерге деген қатынасының бастауы оларды жақсы көруден ,силаудан және оларға деген сүйіспеншіліктен басталады.
Сүйіспеншілік ол өзгелерге көрсетілетін ыстық бауырмалдық сезім .Бойындағы сүйіспеншілікті көрсетуі адмның өзіне қымбат жандарға деген сезімін сөзімен де,ісімен де білдіріп отыруын айтамыз.Сүйіспеншілік ұғымын грек ойшылы Платон сезімдік махаббат және рухани махаббат сезімдері деп екіге бөліп қарастырады. Сезімдік махаббат адам жанының ынтық болатын ,сұлу нәзік сезімі. Ал,рухани махаббат сезімі адамның белсенді танымдық,қызыметінің қайнар бұлағы деп көрсетті. Сонымен бірге адамдарда сүйіспеншілік туындап ,оның бағыттылығына байланысты әртүрлі түрлерін байқай аламыз.Сүйіспеншілік тұтас бір ұғым болғанымен де,оны танытудың көптеген түрлері кездесіп жатады.
Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі.Сүйіспеншілік –тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесапатты женетін күш те осы сүйіспеншілік.Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірім қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қыпандай қалқып,мәңгіліктің жасыл жайлауына қанап қағады
Сүйіспеншіліктің негізгі түрлері
Сүйіспеншіліктің негізі үш түрі бар
1.Риясыз сүйіспеншілік
2.Өзара сүйіспеншілік
3.Өзімдік сүйіспеншілік
Риясыз сүйіспеншілік танытудың ең басты ерекшелік адамдардың бәріне бірдей нұр шуағын шашушы ,ештеңе қажетсінбестен қайтарамын. Риясыз сүйіспеншілік-Ақиқат(ойдағы сөзді)
Әрекет арқылы сүйіспеншілік –Дұрыс әрекет(іс-әрекеті)
Сезім арқылы сүйіспеншілік - Ішкі тыныштық (сезімдегі)
Түсіну арқылы сүйіспеншілік(түсінудегі)
Сүйіспеншілік –тіршіліктің тірегі.Риясыз сүйіспеншілік –тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі.Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп,көре бастайды.Мейірімін төккен ата-ананың ыстық құшағына олардың аялы алақанын сезіне жүріп,өмірге төселеді.Есейе келе толағай сүйіспеншілікті көру-көрмеуі екіталай.Әйтседе адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп,дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Жарық дүниеде барша кедергі кесапатты жеңетін күш те осы риясыз сүйіспеншілік.Осы мақсатта «мың өліп,мың тіріледі».Өлсе де ,тірілсе де,жүрекжарды ұраны,басты қаруы осы риясыз сүйіспеншілік сүзі
Өзімшіл сүйіспеншілік,менмендік эгоист басымдылығы.Тек қана менде ғана болсын деп айтатын.Риясыз сүйіспеншіліксіз сүйіспеншілік. Өзара сүйіспеншілік екі адамның арасындағы сезім .Мысалы:ата-ана,ұстаз бен шәкірт.Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілігі жоқ жандар өктем өзімшілдіктің,менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан,ешкімді шынайы сүйе алмайды.
Сүйіспеншілік энергиясы дүниені өзгертуге бейім ,өмір беруші және демеуші қуатты энергия.Сүйіспеншілік энергиясына қалай берілу керек?Сүйіспеншіліктің көзі не?
Сөзбен,оймен,жанасумен,көзқараспен күлімсүреумен,іспен,эгойзм,ашуыза,көреалмаушылық,шыдамсыздық,сараң-
дық,қалаулылар.Барлық заттар үлкен бір ойды білдіреді.Ал бұл қандай ой?Бұл ой сүйіспеншілік А.Энштейн .Сүйіспеншілік- дүниені өзгертуге бейім,өмір беруші және демеуші қуатты энергия.Байқағанымыздай сүйіспеншілік өте қуатты энергия секілді.Біз өзгелерге деген сүйіспеншілік сезімімізді білдіре отырып одан күш қуат аламыз,сезінеміз.Ал адамда сүйіспеншіліктің жетіспеуі ,ол қуаттың аздығынан сипатталады.Демек өзгелерге сүйіспеншілік танытуымыз үшін де,қуатымыз күшті болуы керек екендігін байқадық. Сонымен қатар қазіргі жаңа бағыттағы өзін-өзі тануда сүйіспеншіліктің мына секілді берік ұғымдары қалыптасқан.Яғни оқушылардан талап етуден бұрын оларға өзіміз қол ұшын беруіміз қажет;дамыту арқылы бойларындағы ерекшеліктерін ашуға талпына білуіміз қажет;өзгелерден сұрамас бұрын ең алдымен өзіміз беруіміз қажет және де ең соңғысы нәтиже күтпес бұрын сол үрдіс барысында нәтижеге қол жеткізе алатын жағын көре алуымыз қажет.Демек адам өзгелерден сұраудың орнына ең алдымен өзі соны өзгелерге бере алуы қажет.Сонда ғана өзге адамдарда шын ниетпен,сүйіспеншілік таныта отырып көмек қолын созуға тырысады.Тағы да бір айта кететін жағдай,қоғамымыздағы өтіріктің,алдап-арбаудың ,жасампаздықтың ,зорлық-зомбылықтың көбейіп кең етек жайып келе жатқандығында. Ал бұндай жағдайдың бірден-бір себебі адамдардың бір-бірлеріне ,сүйіспеншілікпен ,махаббатпен қарамауында.Себебі біздің өзгелерге қандай әрекет жасауымыз,басқаларды да бізге сондай әрекетпен қарауға итермелейді.Егерде біз өзгелерге риясыз,қайтарым күтпестен ,тек жақсылық тілеу арқылы әрбір әрекетімізді сүйіспеншілікпен жасайтын болсақ өзгелердің де бізге сондай сүйіспеншілік таныта алатындары сөзсіз.
Кезінде Тереза ана «Ұлы нәрсе іздемеңдер ,алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен жасаңдар»,-деп айтып кеткендей барлық істің ұлы сүйіспеншілікке толы, ұлы істер жасауға тиіспіз. Себебі Тереза ана да өзгелерге көмек қолын созған ешқашан қайтарымын сұрамады,өзі ішіп жемеседе өзгелерге берді,кедейсің немесе жамансың деп бөлмеді,алдына келген адамдарға күліп қарап оларды паналатып,асын беріп,тек жақсылық тіледі.Мұның бәрі риясыз болады Сондықтан да оны халық «Тереза ана»деп атап кетті.
Сүйіспеншілік жолындағы кедергілер
-Қызғаншақтық
-шыдамсыздық
-көреалмаушылық
-ашуыза
Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар бір адамдықтың қыры сүйіспеншілік барлық құндылықтар арқылы өтеді.
Педагогикалық сүйіспеншілік
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады»А.Құнанбаев
«Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктіретін болса,ол кемел ұстаз» К.Д.Ушинский
Мұғалімдерге тән қасиеттер :
Баланы құрметтеу
-Ақыл парасат
-Білім мен шығармашылққа
-Әділдік пен мейірімділік
-Жігерлік пен еңбекқорлық
-Үздіксіз іздемпаздық
Сүйіспеншілік ұстанымы Бірінші талап етуден көрі көмектесу үйретуден бұрын сүю маңызды.Сабақты сүйіспеншілікпен жүргізу үдерісі нәтижеден де маңызды.Мать Тереза сүйіспеншілікті ешбір кішкентай іске кішкентай құрбандықты тастаушы болмаңдар» ұлы нәрсе іздемеңдер,алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен жасаңдар»істейтін ісіміз болар болмас болған сайын сүйіспеншілігіміз зорая түсуде.«Егер кімде-кім балалардағы үйлесімді тәрбиелегісі келсе,олар да сүйюге үйретсін»Ш.А.Аманашвили.
Сүйіспеншілікке толы өмір
Менің ойымша сүйіспеншілік айналамызға,жақындарымызға жалпы айтқанда әлемге махаббатпен қару,адамдарға қуаныш сыйлау,қамқорлық жасау.Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам ол бақытты жан,себебі, ол жамандықтың не екенін білмейді.Тек жақсы нәрселер ойлап,игі істер жасап,өмірді жақсы жағынан таниды.Жүрегі сүйіспеншілкке толы адам күн секілді. Күннің әлемге шуақ шашып,мейірімін төгетіні бәріне мәлім,сол сияқты жүрегінде сүйіспеншілігі мол адамдарда өмірімізге жарық күн сияқты еніп,жанымызды жылытады,өмірімзге сән береді.
Барлық нәрсенің бастауы сүйіспеншілікте.Мәселен сіз бір істі қолға алып,оған бар сүйіспеншілігіңізді төгіп,ықыласпен істесеңіз сіздің қолыңыздан тамаша дүние шығады.Себебі сүйіспеншілікпен жасалған дүние ешқашанда жаман болмайды.Сүйіспеншілік жақсылықтың,бақытты өмірдің кілті.Егер әлемде сүйіспеншілік,махаббат сияқты сезімдер болмаса не болады?Оны ойлаудың өзі де қорқынышты.Ойлаңызшы,адамдар арасындағы сезімдер жоғалып,мына дүние тек жамандық пен алауыздықтар болса,өмір сүріп жатқан өміріміз нағыз тозаққа айналар еді.
Бұл әлемді ұстап тұрған сүйіспеншілік,содан-соң махаббат.Себебі сүйіспеншіліктен махаббат туады деп ойлаймын.
Жүрегіңізді жамандыққа емес,сүйіспеншілкке толтырыңыз.Жаныңызға тек жақсы адамдар жинап соларға күн секлді өзіңізді шапағатыңызды ,мейіріміңізді төгіңіз.
Бастысы,жүрегіңіздегі сүйіспеншілікті жоғалтып алмаңыз.Ең маңыздысы сол.Бұл өмір сіз ойлағаннанда әлдеқайда керемет екенін көресіз.Сүйіспеншілік күн сияқты сол күніңізді жоғалтып алмаңыз,әйтпесе сол жарық берер күніңізден қапыда қалып,қараңғыда адасып қалуыңыз мүмкін.