Мектеп: Астрахан ауданы, Астрахан №1 ОМ
Мұғалiм:Койбагарова Алмагуль Сагындыковна
Сынып: 2 «_Ә_» Оқушылар саны:18
Тақырып: Адам жақсы ісімен көрікті
Құндылық: Дұрыс әрекет .Қасиеттер: шыншылдық ,әдептілік, әділдік.
Сабақтың мақсаты: жақсылық сөзінің мәнін аша отырып, дұрыс әрекет құндылығының мағнасын ашу. Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік :Оқушыларға риясыз жақсылық жасай білуге баулу арқылы, турашылдық туралы түсінік беру
2. Дамытушылық: оқушылардың ізеттілік қасиеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды шыншылдыққа, турашылдыққа тәрбиелеу |
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
«Хрустальная грусть»әуені, «Бала тілегі» әні, оқулық, құрал жабдықтар |
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу) 5 «Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу: (Баяу әуен қойылады) Тыныштық сәті: : «Нұрға бөлену» - Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
-Рахмет
2.Үй тапсырмасын тексеру .
Оқулықтың 82-бетіндегі берілген Мәдіхат Төрежановтың «Қамқорлық» әңгімесін оқып келу.
Мәтін бойынша сұрақтар: 1. Жақсылық жасау адамға парыз ба? 2. Жақсылыққа жаны құмар адамның бойында қандай құндылықтар болады? 3.Нақысбектің бойындағы қандай қасиетерді ұнаттындар?
|
Ескерту
«Хрустальная грусть» музыкасы жай дауыспен қойылады. Осы кезде оқушылар денелерін бос ұстап, көздерін жұмып отырады.
|
Дәйек сөз : «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.» Халық нақылы
Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?
|
Дәйексөзді ұлдарға оқыту. Қыздарға оқыту. Хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу |
Мұғалімнің сыйы. «Жақсылық пен жамандық» мультфильм
II .Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
|
Videoplaubas onlain |
|
|
III.Үй тапсырмасы: сурет салып келу
|
|
IY.Топпен ән айту Өлеңін жазған :Т.Молдағалиев. Әні: И. Нүсіпбаев « Бақыт әні » |
|
Y. Соңғы тыныштық сәті Баяу әуен қойылады. Мұғалім жәй дауыспен: -Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!Сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, сау болыңдар |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін естеріне түсіріп, ойларын қорытындылай бастайды. |
Ақмола облысы
Астрахан ауданы білім бөлімі
«Астрахан №1 орта мектебі» КММ
Өзін-өзі тану апталық тақырыбы:
«Өзін өзі тану өмірді тану »
Пәні: Өзін –өзі тану
Тақырыбы: « Жақсылық жолымен жүреміз »
2 «Ә» сынып
Өткізген: Койбагарова Алмагуль Сагындыковна
бастауыш сынып мұғалімі
2019 жыл