29.03.2023
«Астрахан ауылының №1 ЖОББМ» КММ-нің «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес» күніне байланысты 2 «А» сыныбында «Туберкулез дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: : Туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру,жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету. Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Оспанова Г.М.