16.02.2023
Апталық аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ахыт Е мен Аскарова К.Ж. ұйымдастыруымен қазақ халқының лирик ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлтын сүйген ұлы жүрек » атты әдеби сазды кеш 9-11сыныптар арасында өтті. Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Сезім лирикасына сыр шертіп, көрініс ойнады. Іс-шараға Мағжан Жұмабаевтің рөлін ойнауға 9-сынып оқушысы Ертуған Нұрбақыт таңдалды. Кештің сәнін ақынның танымал әндері "Дайдидау" мен "Бәрінен де сен сұлуды" аға ұстаз Ермухамбет Қалелұлы мен жезтаңдай әнші ата-анамыз Талғат ағайдың орындауында асқақтата түсті.