«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қыс әлемі»мәнерлеп оқу сайысы

05.01.2017

Мерзімі: 04.01.17 ж
Сабақтың тақырыбы: «Қыс әлемі»мәнерлеп оқу сайысы
Сабақтың түрі:   Саяхат сабақ,ойын

Сабақтың әдісі:  Ойын,сұрақ-жауап,әңгімелеу

Мақсаты: 1.Табиғат тамашаларына деген қызығушылығын арттыру.

2.Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін жетілдіру.Қыс мезгілі туралы білім қалыптастыру.

3.Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Көрнекі құралдары: Қыс мезгіліндегі ауыл,дала, қала көріністерінің суреттері,қыс туралы жұмбақтар, автобус макеті.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Жылулық шеңбері.

–Кел, балалар ,кел бері.

Қыздырайық денені,

Орнымызда тұрып-ақ

Жүгірейік бір уақ.

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық

Жаса-жаса алтын күн

Жаса-жаса нұрлы күн

-Бізде бүгін күннің көзі шығып тұрма?

-Қане, барлығымыз терезеге қарайық!

-Дала қандай?

-Жылдың қай мезгілі?

-Ағаштар қалай өзгерген?

1-оқушы:

Жауды міне., қар аппақ .

Айналаның бәрі аппақ.,

Жасырыпты жолдарды.

Тегістепті оларды.

2- оқушы:

Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек,ақ мамық

Аунап таза ақ қарға,

Балалар жүр мақтанып.

-Мына суреттерде не бейнеленген ,соны айтқан бала билет ( яғни жұлдызшаларды) алып ішке кіреді.

-Мынау қай мезгіл?

-Мынау не?

II аялдама. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

1.Қысқы ойындар туралы.

-Кімде шана бар?

-Кімде коньки ,шаңғы бар?

-Оларды тебе аламыз ба?

-Аққала жасау үшін не істейміз?

2.Ал тез автобусқа отырамыз!

-Ал енді Мейірлан сен айтшы тақпағыңды

3- оқушы:

Тазартып бар кір-шаңнан

Қыс өнерін бастады,

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады.

-Жұмбақ шешіп көрейік!

1. Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ

Қыста жер бетін басады.

Жазда сайға қашады. (қар)

2.Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді.

Ауызы жоқ ұлиды. (боран)

3.Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

4- оқушы: Боран,боран,ақ боран!

Адаспаса екен атты адам.

Даланыкезіп барады,

Ақ киімділер қаптаған.

5- оқушы:

Боран қайда барасың?!

Сәл ғана сабыр ет енді;

Әже отыр күтіп баласын,

Мен күтем шофер көкемді.

6- оқушы:

Ауыл сырты биік жар,

Бізді күтіп тұр қарап,

Төбесіне шығып-ап,

Жөнелеміз сырғанап.

III Қорытындылау

-Балалар, енді үйге қайтамыз!Орындықтарды ауыстырып қою.

-Сонымен, бүгін сабақта қандай жыл мезгілі туралы өттік?

-Қандай ойындар бар?

-Қыста ауа-райы қандай?

IV Бағалау, мадақтау.

-Бүгін балалардың бәрі де өте жақсы ,тамаша қатысты, сұрақтарға жауап

берді.Жақсы қатысқандары үшін ойыншықтар беремін.Сау болыңдар!

Просмотров: 779


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст