«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұлбұл қызын танытқан ұрпағына...

27.01.2017

«Ер-те, ер-те, ертеде-е-е, ешкі жүні бө-өрте-еде-е»… Радиодағы кешкі ертегі осылай

басталады. Әуені құлақтарыңда тұрған шығар? Ал оны кім орындағанын ойланып

көрдіңдер ме? «Ақмаңдайлым», «Ах, Самара городок», «Әдемі-ау», «Ақ көгершін»,

«Ортеке» әндерін кім орындаған деп сұрасам ше? Ол – Роза Бағланова апаларың,

әрине. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған адамды білмеулерің мүмкін емес.

Қазақстанның, Өзбекстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген.

Бұлбұл қызын танытқан ұрпағына...

Астрахан №1 орта мектебінде «Елі сүйген, Елін сүйген Роза» атты қазақтың біртуар өнер иесі, күміс көмей әншісі Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына  95 жылдығына арналған   әдеби-сазды кеш өткізілді. Кешке 5- 10- сынып аралығындағы 

10 сыныптың  әнге бейімі бар ұл – қыздары «Бұлбұл апалары» орындаған : «Бәрінен де ең сұлу», «Іңкәрім», «Еркем-ай», «Асыл

арман», «Әдем-ау», «Сағындым сені», «Айналайын», «Темная ночь», «Ах, Самара городок» т.б. әндерін нақышына келтіре

орындап, көпшілік көңілінен шыға алды. Кеш  барысында Роза Тәжібайқызы жайында слайд-деректер, кинофильмдерден

үзінділер көрсетіліп, естеліктер тыңдалып, қазақтың күміс көмей әнші қызының  өмірбаянын, өмір

баспалдақтарының қиын да ауыр жолдарын жеңе біліп, осындай биік дәрежеге көтерілгенін өз аузынан естіді.

Өскелең ұрпақ Роза Тәжібайқызының  қазақтың ән өнерін дамытуға айрықша ауқымды

үлес қосқандығын; әнші репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі

композиторларымыздың шығармалары, әлем халықтарының – орыс, өзбек, тәжік,

украин, грузин, әзербайжан, қырғыз, монғол, чех, венгр, қытай, корей, үнді,

швед әндерінің  үйлесімді көрініс тапқандығын; Ұлы Отан соғысының отты жылдары кеңес жауынгерлерінің бойына күш –

жігер бере отырып оқ пен оттың астында жүріп те ән шырқағандығын білді. Әнші

апаларының осындай еңбегінің жоғары дәрежеде: «Жауынгерлік ерлігі үшін»

медалімен, екі «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі»

және «Отан» ордендері- бағаланғандығын білді.  Роза Тәжібайқызының бойынан көрінген қайырымдылық, қамқорлық, адалдық, батырлық сияқты адамдық  қасиеттер  келешекте осы кешке қатысқан оқушылар бойынан көрінеді

 деген сенімдемін.

Осындай тамаша мектепішілік кеш өткізуге атсалысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. А. Қазанбаева

мен  музыка пәнінің мұғалімі А. М. Ибрагимованың еңбектеріне табыс тілеймін.

Астрахан №1орта мектебінің мұғалімі: С. Қ. Кагенов

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст