«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кестелеу

16.03.2017

Технология 5 «ә» сынып:   07.03.2017 ж. 

Сабақтың тақырыбы: «Қолөнер технологиясы. Кестелеу »

Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру. Қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

 Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту. 

Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт­-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық.

Сабақтың көрнекілігі:   Ине жіп түрлері,қайшы үлгі қағаз, мата, суреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері, тарих

Сабақтың барысы: 

1.Ұйымдастыру:  -Амандасу

- Оқушыларды түгендеу.

- Сабаққа даярлығын бақылау. Оқушыларды екі топқа бөлу.

- Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

- Үй тапсырмасын тексеру

2. Жаңа сабақ

- Сұрақ-жауап

- Сергіту сәті

- Сарамандық жұмыс

- Үйге тапсырма беру

- Бағалау

Жаңа сабақ. Қазіргі күнде ата-бабамыздың  айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз

маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай

ерекшеленіп отыр.Қолөнер десек ,онда оның көптеген түрлері бар :”құрақ құрау”,

“кілем тоқу”, “түп киіз тоқу “ , “сырмақ басу “, “кесте тігу “ сияқты .Әр

халықтың өзіне тән өнері, тілі, салт-дәстүрі бар. Сол сияқты қазақ халқының

қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Көшпелі

болғанымен олардың рухани болмысы көшпелі болған емес . Біздің заманымызға

бабаларымыздың өсиет үлгісі , өнері арқылы жеткен. Атадан баласына, анасынан

қызына мирас болып келе жатқан –сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениетіміздің

дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз cегіз қырлы, бір сырлы

болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау,кесте тігуді

,ас пісіруді үйретсе , ұл балаларымызға таспа тілу , өрім тоқу , мал сою және

мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан.

Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне толық тоқталамыз.Кестелеу,көркемдеп

тігу,ою-өрнектермен әшекейлеу. Кестені көңіл сызады,қол тігеді,көз сынайды дегендей,кесте тігудің алуан әдісі бар.’’Бізкесте’’,’’Гобелен’’,(көпіртпелі) кесте,”Моншақпен кестелеу”(бисерлеу)

дейміз.Тігіс түрлеріне келсек көркем тігіс түрлерін біз өткен сабақтар

барысынан білеміз .’’Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек,мал

жұтамайды,деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен. 

Даналық сөздердің мағынасын ашу, әңгіме өткізу.

«Өнерлінің - өрісі кең»

«Өнерді бағалай білмеген, өрге шықпас»

«Өнер көкке жеткізер»

«Өнер жұтамас байлық, таусылмас азық»

 2.Сұрақтар:  - Қандай қолөнер түрлерін білесіңдер?

                        - Қандай кесте түрлерін білесіңдер?

                        - Кестелеу қайда қолданылады?

                       -  Кестелеу қайдан шықты, онымен кімдер айналысады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1-топ:  Көркем тігіс түрлерін ата?

  Көркем тігісі;  

Тор тігіс,Айқас тігіс,Таңдай тігіс Қабырға тігіс, Жұлдызша тігіс

2-топ: Кесте түрлері; Шым кесте, Моншақ кесте

 Жоғарыдағы аталған көркем тігістер арқылы қандай кесте тұрін тігуге болады?

Айқаспа тігіс кестесі,Біз кесте,  Баспа кесте

Екі топ өздерінің көркем тігісі және кесте тігу туралы өзара түсініктерін айтады.

Жоғарыдағы аталған тігіс түрлерін кестелерді тіккенде пайдаланамыз.Қолмен кестелеп тігу –

өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген

елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі.Ол киімдерді,

интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл-күйін көтереді.

Кесте тігу үшін қолданылатын құрал-саймандар, құрылғылар және материалдар: ( кергіштер, ине

жіп, қайшы,кестелеуге арналған маталар) қажет.Негізі кестелеу  матаны - ине, жіп, моншақ көмегімен

ою-өрнектеу әдісі.

Айқастыра кестелеу технологиясы:

Айқастыру – бұл ортасынан кесе басып айқасатын тігіс.Айқастыра кестелеу 1) тоқыма матада, 2)

канвада орындалады. Айқастыра кестелеу техникасы кестелеу әдісіне байланысты:

-көлденеңінен;

-тігінен  тігіледі.

Канва – селдір мата.

Кестелеу технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады:

1.    матаны дайындау;

2.    суретті белгілеу;

3.    суретті матаға көшіру;

4.    бұйымды кергішке керу;

5.    жұмыс жібін матаға түйінсіз бекіту;

6.    кестеленген бұйымның күтімі.

Моншақ кестеге келетін болсақ, моншақпен тігілген бұйымды көркемдеуге болады.Сызылған суреттің ішін моншақпен толтырып шықсақ онда ерекше көрініс береді.

Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті,әдемілікті,шыдамдылықты талап етеді.Ең алғаш ‘’бисер’’ атауы-Египет

елімен байланысты.Оның атауы арабтың ‘’бусра’’ немесе ‘’бусер’’ деген сөзінен

шыққан,мағынасы‘’жалған маржан’’.Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек

өндіру Рим еліне өтеді,кейІн ол шеберлер арқылы жан-жақта тарап,әлемге бисер

атауы мәлім болады. Ал сендер бисермен тігілген қандай бұйымдары,киімдері

білесіндер? Сәукеле, камзол, сөмке, коптеген киімдерді өрнектеуге болады. Баспа

кестеге келетін болсақ,ою-өрнек ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер

туындысы.Қай қолөнер түрін алатын болсақ та,белгілі бір тәртіппен орналасқанын

байқау қиын емес.Біздің ата-бабаларымызлық ерте кезде сызып,жаза алмаса

да,геометриялық фигураларды дұрыстап орыналастыра білген.

3.Сергіту сәті:«Жалғасын тап»ойыны ( Оқушыларға мақалдың басын айтамын ,соңын тауып жалғастырыңыздар.)

Еңбек туралы мақал – мәтелдер:

1. Еңбек ерлікке жеткізер...( ерлік елдікке жеткізер).

2. Еңбектің наны тәтті…( жалқаудың жаны тәтті).

3. Еңбек етсең ерінбей ...( тояды қарының тіленбей).

4. Көз қорқақ...( қол батыр).

5.Ұяда не көрсең.....(ұшқанда соны ілесің).

6.Талаппен бастап..........(талғаммен аяқта)

Қосымша екі топқа құрал-саймандар туралы жұмбақ жасырамын:

1. Екі басты жалмауыз

Кейіп аузын ашады,

Алдына түскен нәрселер,

Өзінен – өзі қашады. (қайшы)

2. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,

Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (ине, жіп)

Өнер білім еңбекке,                 

Шебер болар ұрпақпыз.

Жақын болар ұрпақпыз.          

Тұла бойы тұңған бір,

Он саусағы майысқан,Өнер қуған ұрпақпыз – дей келе келесі кезекте

4.Өз бетімен сарамандық жұмыс істету.

(өз таңдауы бойынша кез-келген қолөнер бұйымын бастау және жасау, қауіпсіздік ережесін сақтау)

6. Үйге тапсырма.басталған

жұмысты аяқтау

7. Бағалау

Просмотров: 996


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст