«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыз –еркем, ісімен көркем

16.03.2017

Қыз –еркем, ісімен көркем

Мақсаты:  бойжеткен  қыздарды  ұлтымыздың салт-дәстүрлері арқылы ұяңдыққа, биязылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, әдептілік қасиеттерді дамыту.

 Оқу процесінде оқушылардың белсенділігін жоғарылатуға, ұйымшылдыққа, іскерлікке үйрету.

Қолөнердің сырын түсіне отырып, ізденуге, танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету. Өнерге

ынтасын, қабілетін дамыту, халқымыздың асыл мұрасын, салт – дәстүрін  құрметтей 

білуге,өнерді түсінуге, сүюге, талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру.

Эстетикалық тәрбие беру, логикалық ойланту.

Сөйлесу мәдениетін қалыптастыра отырып, мақал – мәтелдер арқылы жақсылыққа, іскерлікке  ұмтылдыру.

Сабақтың көрнекілігі: сайыс, білім ізденіс, өнер сабағы.

Пәнаралық ізденіс: әдебиет, технология,музыка.

Сабақ барысы:

Үйымдастыру кезеңі.

Әділ қазы алқасын сайлау. Сайыс шартымен, жоспарымен таныстыру.

Мұғалім сөзі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерге арналған «Қыз еркем,

ісімен көркем» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз «қыз өссе, елдің

көркі, гүл өссе, жердің көркі» деген мақал қыз баланың жанының нәзіктігінің, әр

іске талаптылығын, білімділігін бейнелесе керек.

Өнер, білім, өнеге туған дарын,

Өнерліге өз басым таңғаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын, деп бүгінгі сайыстың әділқазы алқаларын таныстырып өтейін.

  Жүргізуші: Тасқындатып  біз бүгін жыр бұлағын,

            Өзімізше өзгеріп сән құрамыз.

          Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде,

 1. Таныстырсын  өздерін  топ құрамы.

( топың аты, ұраны, эмблемасымен таныстырады)

2. «Білгенге маржан»

Білім асқан сел дейді,

Бірақ онай келмейді.

Ала білсен, білім көп,

Ақыл ойға кел дейді.

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз.

Бұл бөліміміз «Білгенге маржан». Мұнда конверттегі сұрақтарға жауап қажет.

1. «Өнерлі өрге жүзер» мақаланың астында не жатыр?

-  өнерлі адам қашанда өзінің өнерің жоғары бағалайды. Себебі өнер ешқашанда өлмейді. Қашан да өнерің өрге ассын десең талаптанып, еңбектеніп, ізденіп жұмыс жасау қажет. Сонда ғана өнерің өрге басады.

 2.«Барымен базар,құдайы қонақпын» дегенді қалай түсінесін?

-  келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, шамасы келгенше сый құрмет көрсетіп аттандыру парыз.

3.«Қырықтың бірі-  Қыдыр» дегенді қалай түсінесің?

-  қонақты қума, оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса, екіншісінен құт келеді дегенді білдіреді.

4. «Қонақпен бірге құт келеді» деп неге айтқан?

Қонақ күту рәсімдеріне не жатады?

-        Қонақты қарсы алу. Шай жабдығын кірісу. Қонақтың өзіндік сыбағасын дайындау.

3. «Қолөнер»                           Өнер білім еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы тұңған бір,

Өнер қуған ұрпақпыз.

Келесі сайысымыз «ою - өрнек», ою өрнектің әр түрісі

болады «көк әлеміне» байланысты өрнектер болады, «малға, малдың денесіне»,

өзіне байланысты өрнектер болады. Екі топқа тапсырма осы ою өрнек түрі біреуін

таңдап, сол оюды қағазға қиып матаға жабыстырып, қысқаша мәлімет тарихын айтып

беру.

4. «мақал - мәтел»  келесі кезен әр топ бір біріне мақал-мәтел айтады.

5. Аспаздық

   Қамырды дұрыс жасау.

Келесі сайыс  6.«брейн - ринг» деп аталады. Мен сендерге сұрақ қоямын, қай топ бірінші жауап береді.

Аспаздық

1.    Қамырды ашытып көтеретін не? Ашытқы, сода.

2.    Борщ дайындауға оның құрамында міндетті түрде не болу керек? Қызылша, қырыққабат.

3.    Қымыз неден жасалады? Биенің ашыған сүтінен.

4.    Десерт қай елдің сөзінен шыққан? Француз

 Машинатану

1.     Қандай маймен тігін машинасына майланады? Машина майымен

2.     Тігін тіккенде саусаққа не киеді? Оймақ

3.     1990жылы Подольск қаласында қандай фирма зауыт салды?

Зингер

4.     Тігін машина жібінің қай нөмірлісі өтімді? №40

Мататану

1.     Қандай талшықты мата жылуды жақсы сақтайды? Жүнталшықтары

2.     «канва» деген не? Кесте тігуге арналған селдір мата.

3.     Тон бізді жылытама? Жоқ, жылуды сақтайды.

4.     Капрон, синтетикалық па, әлде жасанды ма? Синтетикалық.

Киімдіконструкциялау және модельдеу.

1.    Киімдітігу үшін өлшемді адамның қай жағынан алады? Оң жағынан.

2.    Қай елде ең алғаш рет  мода шықты? Италия .

3.    Юбканың ілгегі қай жағынан орналасады? Сол жағынан.

4.    «барлық мода модадан шығады, ал стиль мәңгі қалады» деген сөзді кім айтқан? Коко Шанель

Қолөнер

1.    Түйіндеп тоқу өнері қалай аталады? Макраме

2.    Шұлық қанша инемен тоқылады? Бес инемен

3.    «Бусра»  деген сөздің аудармасы? Бисер

4.    Технология деген сөздің мағынасы. Техно-өнер, шеберлік, логия- білім.

Қандай жақсы майысып тұрғандарың,

Бойына жиғандайөнер бағын. «ана көрген тон пішер»деген бар ғой,

Топтарымызкөрсетсін бұйымдарын.

      Келесі кезекті  7. «он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - деп қолөнер бұйымдарын көрсету.

Тіккен бұйымдарын,тоқыған өз жұмыстарын жасаған әділқазыларға тапсырылады.

Қорытынды

Білім –теңіз, мектепті кеме дейміз.

Білім теңіз, оқу егіз, неге дейміз.

Әдеби мен тәлімі үндесетін,

Жастарды  болашаққа

жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратың,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,

Қош дейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қалыспаңыздар.

Ойлы орта кеңейсің күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңыздар, - дей келе, бүгінгі

сабағымызды аяқтаймыз.

Просмотров: 877


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст