«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз !!!

27.03.2017

Ұлыстың Ұлы  күні – Наурыз !!!

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге,

дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Аксана апай:

Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге

дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.

«Наурыз» сөзі – біріншіден, жыл басында тойланатын

думанды халықтық мейрам, екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын

көжеге байланысты айтылады.

Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы,

өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы

күні құтты болсын, ағайын!

Жаршы:

Жігіттер мен сұлулар!                                                         

Той болады, Көктем келді,

               Жаңа жылды ерте келді!

            Ойын күлкі думанымен

                      Көптен күткен Наурыз келді?

/Барлығы көрпелерге шуласа жайғасады/

Айбат: Балалар көктем келді, Көктем келсе айнала төңірекке жан кіреді, Алыс жақтан құстар ұшып келеді, қысқы

ұйқысынан аңдар оянады. Табиғат жаңарып гүлденеді, бұған адамдар қуанады. Әр

халықта Көктем мерекесі әртүрлі тойланады: Балалар бұл мереке қалай аталады?

/Оқушылар бірге «»Наурыз»/

                   Бұл әлемде мереке көп,

   Қуанышты, әдемі!

Ал біз үшін Қымбатты Наурыз мейрамы! /хормен/

ӘН: / хормен/ «Қазақы дастархан»

Аксана апай: Балалар Наурыз мейрамы – жыл басы. Бұл ежелден келе жатқан мереке. Біздің ата – бабамыз үшін жыл басы көктемнен бесталады.

Жаршы:

                                                           Құлағыңды сал, халайық!

 Естімедім демеңдер!

                                                    

Астрахан №1орта мектебінде Наурыз тойын бастаймыз.

       Ойын – сауық қабақ бар,

Тіл үйірген тамақ бар,

 Күш сынасар жігіттер

     Ән салатын қыздар бар.

   Көргенде қуанасың таза әуені,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

          Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,

      Наурызың құтты болсын, қазақ елі.

                        Той дегенде қазақтың жаны кірер,

Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.

       Наурызың құтты болсын, нар ағалар,

                                                

Наурызың құтты болсын, бар інілер.

     Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер,

         Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,

         Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.

                       

Желпіген аққу құстың қанатындай,

Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.

 Қасиетті наурық тойы пәктігіңнің,

                                                Тойы деп айтуға да болатындай.

       Көңілдің құлпыларын ашайық та,

       Қиялмен қияларға асайық та.

Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,

Ерке бір қуанышы десе айып па?

Айбат : Балалар 22 наурыз – аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан –

жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.

Күндіз бар да түнде жоқ

Түнде бар да күндіз жоқ                                                

Бұл екеуі болмаса

Тіршілігің мүлде жоқ.

КҮН:                   Самарқанның көк тасы,

                            Ериді мен к

Тоң боп қатқан топырақ,

Жібиді мен келгенде.                                                        

Енесіне баласын,                                                      

Телиді мен келгенде.

 Тар көңілдер түнерген,

Кеңиді мен келгенде.

                                                         

Ақ жүзіңді бері бұр,

                                                        

Тұсыңа бір келгенде.
АЙ:                                                

Неткен ыстық күн көзі,

Неткен ғажап күн көзі.

   Ағаш біткен көгерсін,

Жасыл шалғын көктесін.

                                                       

Адамдарға нұр сеуіп,

                                                       

Шарлайық біз көктесін,

                                                      

 Наурыз күні келген бақ

                                                       

Қалың елдің ырысы,

  Босағаңнан тепкілесе кетпесін.

Қос жанары аспанның,

Қос арқауы дастанның.

Домбыраның қос ішегі,  

  Мына тұрған Ай мен Күн.

                                                      

  Арта берсін халайық,

Берекелі байлығың.

Наурыз тойы құтты боп

Аксана апай:

Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан. Игі тілекпен әндете

келген жарапазаншыларға  адамдар

бауырсақ, құрт, ірімшік, ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек ормал таққан.

                             

                                                   Айтамыз жарапазан отбасына,

        Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.

      Тілесек денсаулықты бас – басыңа,

Амандық келер әр күн отбасыңа.                  

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

 Береке, бірлік берсін қауымыңа.

 Береке, бірлік берсе қауымыңа,

 Бас имес кімдер келіп ауылыңа                                             

   Айтамыз жарапазан еліңізге,

 Байлаңыз жақсы орамал белімізге.

 Байласаң жақсы орамал белімізге,

Кетеміз мақтай  - мақтай елімізге.

Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?

   Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?  

   Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,

         Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?               

Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,

Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.

Қазақстан олғанда – Ғажапстан,

Қол соғып қуаналық халқым болып.

БИ: «Адай» -  биі   2-сыныптар

Айбат:                                                 Несібе болсын көл – көсір,

Кәне, шашу шашайық.

 Қалың орман өссін деп,

  Жерге ағаш қадайық.

Кәрі қыстың зәрі сынып,

Басылғанда дауыл сәл –

Отырғызған нәлі шыбық

Сенің атың – Наурызтал.

                                                      Аймаласа сәуегей жел,

Жақсылыққа бәрі мысал.

  Тамыр тартып, әуелей бер,

  Мәуелей бер, Наурыз тал.

                       Наурыз жырын жырлаймыз,

                                                 Онымен де тұрмаймыз.

Шындалып жеткен бұл күнде

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

Ән :    Елеупова Лейла     « Әдемі-ай »

Аксана  апай:

Жаңа жыл туып, алғашқы күн күркіреп, көк

дүркірегенде ел ішінде «саумалық » айту дәстүрі бар.

Саумалық, Саумалық,

Қан тауының көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?

Саумалық, Саумалық,

Самарқанның көк тасы

Жіберді ме; көрдің бе?

Ауыл

аналары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті шөмішке құйып қойып:

Саумалық, Саумалық,

Жаңа келген жақсылықты

Көрдік пе, көрмедік пе?

Саумалық, Саумалық,

Сүті коп, көмірі аз.

Жаңа жыл, жарылқа,

Ескі жыл, есірке - 

Деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды,

қайғы кетті» деп ырым жасаған.

          Ұлттық ойын:   «Арқан тартыс»

Жаңа жыл, жаңа тарих баспалдағы,

Алатын асуларын асқардағы.

Қазақтың кең көсілген даласында

Жазылсын 

болашақтың дастандары

     

Ән:   Аружан   «Наурыз көктем»

Осы Наурыз мерекесінің  құтты қонағы Қожанасыр, Алдар, Тазша қонақта.                  

Жоғары шықсын қонақтар,

Келіп тұрған алыстан.

Жақсылықтың жолында

Жан аямай алысқан

Сіздердің әділ істерің

Ғасырлар бойы тынбайды.

Аңыз, дастан, жырлардан

Жастар әлі тыңдайды.

Тазша:

Балалар, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық

дәстүр, ән – жырды ел есіне түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз. Сіздерге де,

«Бүркіт» деп аталатын бір қызық ойын ала келдік. Ал, кәне,  болашақ қырандар, бері келіп бақ сынаңдар.

Ойын шарты: ойнаушы жүресінен отырып, екі аяғының аралығынан екі қолын жерге

тіреп, еңкейіп жердегі орамалды түйіншегінен аузымен іліп алуы керек. Бұл  ойын екі білектің күшін сынауға арналған.        

       

Қоғамдық өмір өрістеп,

Сан ғасыр зулап өтсе де,

Наурыз тойын теріс деп,

Айтпаған ешкім әйтсе де.

Өйткені оның бойында

Еңбек, бірлік, достық бар.

Халықтық дәстүр ойынға

Болмақшы емес орын тар.

Би:   «Қазақ биі» 

2 «ә»сынып

Наурыз бата

Аянат:

Уағалейкум ас салам!

Кеңпейілді қазақ елім!

Кемелденген ғажап елім!

Ұлыс күні құтты болсын!

Ел іргесі мықты болсын!

Бақыт әкеп ұлыс күні,

Баянды боп тыныштығы,

Әнші құстар баққа қонсын!

Алтын табақ аққа толсын!

Шаттығының сәтті күнін,

Татулықтың тәттілігін,

Көрсін ұрпақ қайырымды!

Бұлт шалмасын ай – күнімді!

Жаңа күнім жадырасын!

Төл көбейіп, жамырасын!

Еккен егін өнімімен,

Еңбегіңнің сенімімен

Тірлігіңнің жемісімен,

Бірлігіңнің жеңісімен

Бағы жанып кәрі – жастың,

Басынан бақ арылмасын!

Орындалып ойларымыз,

Тойға ұлассын тойларымыз!

Әумин!

Айбат:

Наурыз күні жеті немесе тоғыз түрлі тағамнан қазан

толы көже пісіріледі.

Қазан аузы жоғары, - деп жиналғандарға наурыз көже

таратылады. Наурыз көженің сүр ет салып пісірілуі қыс тағаты етпен қоштасуды,

ал құрамына ақтың қосылуы жас тағаммен қауышудың мәнісін білдіреді. Наурыз күні

қасиетті дәмнен  қадірменді адамдарға,

жолаушылап кеткендерге сыбаға сақталады.

ӘН: «Қош келдің Жаңа жыл»

Просмотров: 388

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст