«Алға эрудит»
Ұлы Отан соғысы жылдары.
Сабақтың мақсаты :
1. Ұлы Отан соғысы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан
әрі танымдығын арттыру.
2. Оқушыларды ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын мәдениетті
түрде қалыптастыру.
Ойын барысы :
Ойынға бес команда қатысады.
Әр командадан төрт –төртен 20-оқушы ойнайды . Қалған оқушылар бес
топқа бөлініп , бес командаға жанашыр болады.
Команданың аттары : «Жеңіс» және «Батыр» «Қаһарман» «Майдангер» «Отан»
I- Кезең. Сұрақтарға жауап. Жеңілген екі топ ойынан шығады. Әр сұрақ
1 ұпаймен бағаланады.
«Жеңіс» командасына сұрақ:
1.Соғыс жылдарында Қазақстан жерінде қанша атқыштар дивизиясы құрылды? /12/
2.Қанша ұлттық атты әскер дивизиясы құрылды? /12/
3. Әр түрлі әскер түрлерінен қанша жуық полктер мен батальондар
құрылып, майданға аттанды ?/50 жуық
4. Отан соғысы кезінде қанша
Қазақстандық әскер қатарына алынды?/1 млн.196 мың/
5.Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов Ұлы Отан соғысында атқарған
қызметі: /Ұшқыш/ «Батыр» командасына сұрақ:
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың өкіменен
Б. Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы қашан берілді. /1998ж/
2. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған ұшқышты ата.
/Т. Бигелдинов/
3.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға ең жақын майдан. /Сталинград/
4.Кеңес Одағының батыры Нүркен
Әбдіровтің соғыс кезінде атқарған әскери міндеті.
/Ұшқыш/
5. Кеңес
Одағының батыры Т.Тоқтаровтың ерлігі. /Неміс бөлімінің штабына
басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойды/
«Қаһарман» тобына.
1. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған жеке өзі 37 ұшақты
атып түсірген ұшқыш.
/С.Луганский/
2. 18жасар Жәнібек Елеусізов
Кеңес Одағының батыры атанды./Днепр үшін шайқаста/
3.1941 жылы көшірілген «Мосфильм», «Ленфильм» студиялары жұмыс істеген
қала. /Алматы/
4.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандық партизандардың жалпы саны.
/3,5 мың адам/
5. Қазақтың батыр қызы, пулеметші.
/Мәншүк/ «Майдангер» тобына.
1.Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар саны.
/500-ге жуық/ 2.Рейхстагқа
Жеңіс туын тіккен қазақстандық Халық Қаһарманы.
/Р. Қошқарбаев/
3. Ұлы Отан соғысындағы партизандық қозғалысының көрнекті өкілі, жазушы.
/Қ.Қайсенов./
4.Ұлы Отан соғысында жау отын өз кеудесімен жапқан қазақ
батыры. /Сұлтан Баймағанбетов/
5. Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры Халық Қаһарманы. /Бауыржан
Момышұлы/
«Отан» тобына.
1. Полковник Ғани Сафиуллин бастаған 73-гвардиялық дивизия ерлік көрсетті.
/Сталинград түбінде/
2. Сталинград түбінде өшпес ерлік көрсеткен минометші, Кеңес Одағының
Батыры./Қарсыбай Сыпатаев/
3. Шайқаста көрсеткен табандылығы мен ерлігі
«Сталинградтық» деген құрметті атақ алған гвардиялық дивизия. /73-ші/
4. Жауға қарсы күрестегі асқан ерлігі үшін қанша қазақ жайынгер мен офицер Кеңес Одағының
Батыр атағы берілді. /98/
5. 316- шы атқыштар дивизиясын басқарған кім? /Панфилов/
II- кезең. Әр топқа тақырыпшалар беріледі.
I-топ: Егер Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО жеңіліс тапқан жағдайда
елдің саяси, экономикалық дамуын қалай елестетесің?
II-топ. Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктерінің бүгінгі күні маңызы
бар ма?
III-топ. Қазіргі жастар осы кісілердің ерліктерін қайталайды деп ойлайсың ба?
III-кезең. Екі қарама- қарсы топ, бір- бірлеріне сұрақ қояды.
Жеңген топ марапатталады.