«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 маусым күні " Гүлдәурен лагерінің аруы" сайысы өткізілді.

13.06.2017

Лагерь аруы
Мақсаты: Қазақ қыздарына тән

адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып инабаттылыққа, парасаттылыққа

баулу, мейірімділік пен қайырымдылықты, биязылықты бойларына сіңіре отырып

білімдарлыққа баулу, халқымыздың салт - дәстүрін, өнегелі нақыл сөздерді асыл

қазына екенін бойларына санасына сіңіру.
Жоспары:
1. Таныстыру

2. Сұрақ-жауап
3. Өз өнері (ән, би )

4. Шаш өру, оны таныстырады
5. Мәнерлеп оқу

6. Ою ойып, оны таза параққа жапсырады

7. Қорытынды

Ж: Құрметті жиналған қауым!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой,

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп.

Ж: Сәлеметсіз бе, өнер сүйер асыл халқым,

Мереке құтты болсын, ауылдасым.

Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр - салтын.
«Іске сәт» дей келе байқауға қатысатын

аруларымызды ортаға шақырамыз.

Ж: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр, шешуі қиын.

Қазылар алқасы болмаса сынға алар.

Әділ қазы мүшелерімен таныстырып өтейік

1.Мектеп директоры: Балабаева С.А

2.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:  Қазанбаева А.А
3.Әлеуметтік педагог: Серикбаева Б.Н

Ж: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып, тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен аруларды қарсы алайық

Ж: Қыз сыны, қыз әдебі,

Тал бойы жарасқан, күлкі әдебі.

Сайысқа келген қыздарымыз кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
Өзін - өзі таныстыруға кезек берейік

Ж: Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан дер.
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата - жолын жалғапты.

Сайысымыздың келесі бөлімі «Сұрақ жауап?» Әр

аруға 2 – н сұрақ беріледі

Ж: Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халықтың сақтай білген ізгі салтын.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Өздері өрген сән,

шаш үлгілерін таныстыру»

Ж: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында

Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнерімен өрге басып кідірмейік.
Өз өнеріне кезек береміз.
Ж: Ақын болып әділдікті жақтап өтемін,
Ананың ақ үмітін ақтап өтемін

Әдеп пен инабатты сақтап өскен

Қазақтың аруларын мақтан етемін

Ақын мен әнші деген ел еркесі

Қазақтың тарқамасын берекесі –

Келесі бөлім Мәнерлеп өлең оқу

Бақытың бастан кетпесін

Жамандық қуып жетпесін

Әсем күлкі жүзіңнен

Өмір бойы кетпесін

Сау болыңдар, көргенше,

Қайта айналып келгенше

Қорытындылау және марапаттау

 

 

Просмотров: 369


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст