Текст
1-12 маусым аралығындағы өтетін «Балалар еңбегінің эксплуатациясына қарсы күрестегі 12 күн»атты ұлттық ақпарат науқанына орай «Бақытты балалық шақ және отбасылық құндылықтарды насихаттау» тақырыбында видеоролик көрсетіліп,әңгімелеу жүргізілді. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Серикбаева Б.Н оқушылармен дөңгелеп үстел құрып, әңгіме жүргізді. Отбасындағы басты құндылық дегеніміз не? деген сұраққа жауап іздеді. Балаларға отбасындағы сыйластық, татулық тақырыптарында әңгімеледі. Имантаева А.К «Көңілді старт» эстафеталық ойын өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп,әртүрлі эстафеталық ойындарды ойнады. «Би билейміз дөңгелеп» байқауы А.М.Ибрагимованың ұйымдастыруымен өткізілді.