«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Табиғат-алтын бесік"(табиғат аясына саяхат)

13.06.2017

Табиғат жүрекке жылы,көңілге қонымды терең мағыналы сөз, ұлағатты мол ұғым емес пе? Табиғатсыз өмір жоқ.Ол бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Табиғат - бізді қоршаған дүние. аспан,жер,тау, су, жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда табиғат әсемдігіне,сұлулығына тамсанып таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасаған.

Туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай. Ұшы қиыры жоқ теңіздей шексіз дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендіру өз қолымызда.

Адам табиғатынан сұлулықты, әдемілікті үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну керек. Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен, сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі

13 маусым күні "Табиғат-алтын бесік" тақырыбында оқушылар саяхатқа шықты. Өзен жағалауына барып, дастарқан жайып, әртүрлі ойын түрлерін ойнап, оқушылар күндерін өте көңілді өткізді. Табиғатты қорғау жайлы әңгіме жүргізілді. Соңында оқушылар табиғатқа қамқор болып, барлық қоқыстарды жинап, өзен жағалауын тазартып, табиғатқа деген өздерінің бір үлестерін қосты.

Просмотров: 701


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст