2 - ауысымдағы «Гүлдәурен» атты мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің 16-маусым күнгі атқарылған жұмыстары туралы мәлімет.
Бүгінгі күннің тақырыбы: «Дос және Достық»
Мақсаты:
1. Балаларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
2. Балаларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден
аулақ жүруге үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Бұл тақырыпта балалар арасында пікірталас жүргізіп, дос деген не?,достық деген не?
сұрақтарына жауаптар тыңдалып, әңгіме жүргізілді, өз достарының бейнесін суретпен бейнеледі. Достары
жайлы әңгімеледі.
Тренинг «Дос іздеп жүрмін»
Мақсаттары: Оқушылардың өзін тануға көмектесу; қарым-қатынас жасауда кездесетін кедергілерді жоюға
көмектесу, қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері: Балаларға достық қарым қатынастың критерийлерін анықтауға көмектесу;
досы туралы өзінің серіктесі ретінде түсінік қалыптастыру;
«Өзіңе зиян келтірмей, күнмен қалай достасуға болады?» атты
тақырыпта лагерь медбикесі күннің адам ағзасына пайдасы мен зиянына тоқтала
келе , күнмен өзіңе зиян келтірмей достасу туралы кеңес берді.
Әдемі тастардан мозайка жасау
бойынша сайыс өтті. Мұнда балалар өздері ұнатқан заттар пішінінен мозайка құрастырды.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдыққа, әсемдікке, ізденуге баулу.
Таңғы бой жазу жаттығулары
Тренинг «Дос іздеп жүрмін»
«Досымның бейнесі» тақырыбында салған суреттері
Әдемі тастардан мозайка жасау